Консервативті және юнионистік партия (, кейде Торилер делінеді, ) — ұлыбританиялық консервативті, юнионистік және оңшыл центристік саяси партия. 2024 жылғы парламент сайлауында жеңілген торилер — елдегі екінші партия. Партия түрлі идеологиялық фракцияларды қамтиды, соның ішінде тэтчершілер және дәстүрлі консерваторлар да бар.
Консервативті партия 1834 жылы Тори партиясынан құрылды және Либералды партиямен бірге XIX ғасырдағы екі басым саяси партияның бірі болды. Бенджамин Дизраэлидің тұсында ол Британ империясының шыңында саясатта маңызды рөл атқарды. 1912 жылы Либералды юнионистік партия партиямен бірігіп, Консервативті және юнионистік партияны құрады. 1920 жылдардан бастап Лейбористік партиясы консерваторлардың басты бәсекелесі болды және консерваторлар-лейбористер саяси бәсекелестігі өткен ғасырдағы қазіргі британ саясатын қалыптастырды.
2024 жылғы сайлаудағы консерваторлардың жеңілісінен олар Ресми оппозицияға айналды да, содан бері партияның басшысы бірден Оппозиция көшбасшысы да болады. Екі лауазымның қазіргі иесі — Кеми Баденок.
Идеологиясы Партия 1980 жылдардан бастап еркін нарықтарды қолдайтын либералды экономикалық саясатты, соның ішінде реттеуді жоюды, жекешелендіруді және нарықтандыруды қабылдады, дегенмен ол тарихи тұрғыдан протекционизмді жақтады. Бұл партия біріккен Ирландияға, сондай-ақ Шотландия мен Уэльстің тәуелсіздігіне қарсы тұратын және тарихы бойы Британ империясын қолдайтын. Партия мүшелерінің Еуропа одағына түр-түрлі көзқарасы бар, көпшілігі еуроскептикалық болса, фракция арасында еуропашыл мүшелер де бар.
Тарихы 1846 жылы Тори саяси партиясы еркін сауда жайлы келіспеушілікке түсті де, оның протекционистік мүшелері партиядан бас тартты. 1859 жылы Роберт Пильді қолдаған пильшілер () уигтер мен радикалдармен бірігіп, Либералды партияның негізін қаласа, Дерби графы Эдуард Смит-Стэнли мен Бенджамин Дизраэли көшбасшылығындағы қалған торилер Консервативті партияны құрды.
Партияның құрылуына үлкен үлес қосқан Бенджамин Дизраэли еді. 1870—1880 жылдары бастапқыда ақсүйек жер иеленушілерінің мүдделерін орындаған Консервативті партияның құрамына бұрын либерал болған отаршыл банк, өндіріс иелері кіретін болды. Сонымен Консервативті партия біртіндеп ағылшын монополиясының мүдделерін орындайтын басты партияға айналды.
Партия идеологиясының көбін Джозеф Чемберлен жасаған. Империялық кеден одағын құрып және протекционизмге жол беріп ол ағылшын монополиясын Британ иегілінде болған өзге өлкелерге де таратты және басқа мемлекеттерге, соның ішінде Германияға қарсы бәсекеге түсті. Роберт Солсбери мен Артур Бальфур басшылығында болған консерваторлар 1885—1886, 1886—1892, 1895—1902, 1902—1905 жылдары билікте болған.
Либерал мен лейбористермен біріккен консерваторлар 1916—1919 және 1919—1922 жылдары да билікте еді (ол жылдары көшбасшысы Эндрю Бонар Лоу болған). Екі дүниежүзілік соғыс аралығында партия бүкіл уақыт бойы дерлік билікте еді.
1945 жылғы жалпы сайлауда көрген жеңілістен кейін Консервативті партияның өз құрылымын өзгертуге тура келді. Партия қайта құрылғандай болады, негізгі сайлаушылар шеңберін кеңейтті, әлеуметтік саясат бойынша кең бағдарлама ұйымдастырды. 1951—1964 жылдар аралығында партия тоқтаусыз билікте отырған, 1970 жылы қайта жеңіске жетті.
1972 жылы партия мүшелерінің саны 3 миллионға жетті. Біраз өкілеттікке ие болған партия көшбасшысы еді, партияның жалпы сайлауда жеңіске жеткенінде ол премьер-министр лауазымына тағайындалады.
1979 жылғы жалпы сайлау нәтижесінде партия қайта жеңіске жетуі және Маргарет Тэтчердің премьер-министр лауазымына орналасуы партия тарихындағы сәтті дәуірге әкеп соқты.
Билікке келген Тэтчер өзінің кәсіподақтарға қарсы күресін және елдегі жалпылама жекешелендіру саясатын бастады. Ереуілге шыққан кеншілер мен көп келіспеушілікке түскен халық Тэтчер премьерлігінің символы болды.
1987 жылғы жалпы сайлаудан кейін орын алған партия арасындағы келіспеушіліктер нәтижесінде Тэтчер көшбасшы лауазымынан отставкаға кетуге мәжбүр болды да, Джон Мейджор партияны және үкіметті басқарып кетті.
Мейджордың басшылығы кезінде Ұлыбританияның Еуропадағы рөлі жайлы партия мүшелерінің арасында тағы келіспеушілік болды. 1992 жылғы сайлауда консерваторлар билікте қала алса да, оларды қолдайтындар саны күрт азая бастады. Түрлі санақтар бойынша 1990 жылдардың басында партияның 1 миллион мүшесі болса, онжылдықтың соңына қарай бұл сан 250—400 мыңға түсіп кетті.
1997 жылғы сайлауда консерваторлар ірі жеңіліске жетті, лейбористер 418 мандатқа қол жеткізде, торилер 165 мандат алды.
Тори қарсыластарының ең жетістіктісі болған Тони Блэрдің премьерлігі кезінде партия түрлі өзгеріс көрді. Біреулер партия ұстамды социал-либерализмге көшті десе, торилердің өздері бұл тұжырымды жоққа шығарған. Партия әкімшілігіне жас саясаткерлер тағайындалатын болды.
2008 жылғы жергілікті сайлауларда торилер лейбористерге қарсы ірі жеңіске жетті және консерватор (Борис Джонсон) тұңғыш рет Лондон мэрі болды.
2010 жылғы 6 мамырда өткен жалпы сайлауда консерваторлар 306 орынға ие болды, бұл бір партиялық үкімет құру үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан 12 мамырда үкіметтік коалиция құрылды, оның құрамына екі партия: консерваторлар мен либералды демократтар кірді. Премьер-министр болып Дэвид Кэмерон тағайындалды.
Дэвид Кэмерон Ұлыбританияның ЕО мүшелігіне референдум өткізуге шақырды. Референдум алдындағы пікірталастар кезінде ол Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын жақтады. 2016 жылғы 23 маусымда бұл референдум өтті. Ұлыбританияның Еуроодақ құрамына кіруі туралы референдумның қорытындысы бойынша корольдіктің Еуроодақтан шығуын жақтаушылар жеңіске жетті. Нәтижелердің жариял болғанынан кейін премьер-министр Дэвид Кэмерон халық алдында сөйлеп, отставкаға кететінін жариялады.
Қазіргі Консервативті партия бұрынғыға қарағанда гей, лесбиян және бисексуал құқықтарына айтарлықтай оң көзқараспен қарайды, бірақ трансгендерлердің құқықтарына өте теріс көзқараста.
Консервативті премьер-министрлер тізімі + XIX ғасырдан бергі Консервативті партиядан сайланған премьер-министрлер№ СуретіАты-жөні ҚызметіСайлауы199pxБенджамин Дизраэли27 ақпан18681 желтоқсан1868186820 ақпан187421 сәуір18801874299pxРоберт Гаскойн-Сесил Солсбери23 маусым188528 қаңтар1886188525 шілде188611 тамыз1892188625 маусым189511 шілде19021885399pxАртур Бальфур11 шілде19025 желтоқсан1905—499pxЭндрю Бонар Лоу23 қазан192222 мамыр19231922599pxСтэнли Болдуин23 мамыр192316 қаңтар192419234 қараша19245 маусым192919247 маусым193528 мамыр19371935699pxНевилл Чемберлен28 мамыр193710 мамыр1940—799pxУинстон Черчилль10 мамыр194026 шілде1945—26 қазан19515 сәуір19551951899pxЭнтони Иден6 сәуір195510 қаңтар19571955999pxГарольд Макмиллан10 қаңтар195718 қазан196319591099pxАлександр Дуглас-Хьюм18 қазан196316 қазан1964—1199pxЭдвард Хит19 маусым19704 мамыр197419701299pxМаргарет Тэтчер4 мамыр197928 қараша19901979198319871399pxДжон Мейджор28 қараша19902 мамыр199719921499pxДэвид Кэмерон11 мамыр201013 шілде2016201020151599pxТереза Мэй13 шілде201624 шілде201920171699pxБорис Джонсон24 шілде20196 қыркүйек202220191799pxЛиз Трасс6 қыркүйек202225 қазан2022—1899pxРиши Сунак25 қазан20222 қараша2024—
Сайлаулардағы нәтижелері Төменгі кестеде Консервативті партияның 1835 жылдан бергі әр жалпы сайлаудағы қол жеткізген нәтижесі көрсетілген. + Ұлыбритания парламентіСайлауыКөшбасшысыДауыс саныМандат саныОрныҮкіметі Саны % Саны ± %1835Роберт Пиль261,26940.8% 9841.5% 2-орында1837379,69448.3% 4147.7% 2-орында1841379,69456.9% 5355.8% 1-орындаКонсервативті1847Дерби графы205,48142.7%Пильшілермен бірге 4249.5% 1-орында1852311,48141.9%Пильшілерді санағанда 550.5% 1-орындаКонсервативті1857239,71234.0% 6640.4% 2-орында1859193,23234.3% 3445.6% 2-орында1865346,03540.5% 943.9% 2-орында1868Бенджамин Дизраэли903,31838.4% 1841.2% 2-орында18741,091,70844.3% 7953.7% 1-орындаКонсервативті18801,462,35142.5% 11336.3% 2-орында1885Солсберидің 3-маркизі2,020,92743.5% 1036.9% 2-орында18861,520,88651.1% 7047.3% 1-орындаКонсервативті–Либералды Юнионистік18922,159,15047.0% 4940.0% 2-орында18951,894,77249.0% 7250.7% 1-орындаКонсервативті–Либералды Юнионистік19001,767,95850.3% 550.0% 1-орындаКонсервативті–Либералды Юнионистік1906Артур Бальфур2,422,07143.4% 20419.6% 2-орындақаңтар 19103,104,40746.8% 10935.8% 2-орындажелтоқсан 19102,420,16946.6% 535.1% 2-орындаЛибералды юнионистік партиямен бірге 1912 жылы қосылып, Консервативті және Юнионистік партияға айналды191821 жастан үлкен ерлер және 30 жастан үлкен әйелдердің көбіне сайлау құқығы берген 1918 жылғы Халық өкілдігі актісінің қабылдануынан кейін орын алған тұңғыш сайлау.Эндрю Бонар Лоу3,472,73838.4% 10853.6% 1-орындаЛибералды коалиция–Консервативті19225,294,46538.5% 3555.9% 1-орындаКонсервативті1923Стэнли Болдуин5,286,15938.0% 8641.3% 1-орында19247,418,98346.8% 12467.0% 1-орындаКонсервативті192921 жастан үлкен барлық әйелдерге сайлау құқығын берген 1928 жылғы Халық өкілдігі актісінің қабылдануынан кейін орын алған тұңғыш сайлау.8,252,52738.1% 15242.3% 2-орында193111,377,02255.0% 21076.4% 1-орындаКонсервативті–Либералды–Национал-Лейбористік193510,025,08347.8% 8362.8% 1-орындаКонсервативті–Национал-Либералды–Национал-Лейбористік1945Уинстон Черчилль8,716,21136.2% 18930.8% 2-орында195011,507,06140.0% 8545.1% 2-орында195113,724,41848.0% 2048.3% 1-орындаКонсервативті–Национал-Либералды1955Энтони Иден13,310,89149.7% 2251.4% 1-орындаКонсервативті–Национал-Либералды1959Гарольд Макмиллан13,750,87549.4% 2154.8% 1-орындаКонсервативті–Национал-Либералды1964Алек Дуглас-Хьюм12,002,64243.4% 4747.3% 2-орында1966Эдвард Хит11,418,45541.9% 4839.7% 2-орында197018 жастан үлкен азаматтарға сайлау құқығын берген 1969 жылғы Халық өкілдігі актісінің қабылдануынан кейін орын алған тұңғыш сайлау.13,145,12346.4% 8052.4% 1-орындаКонсервативтіақпан 197411,872,18037.9% 3346.8% 2-орындақазан 197410,462,56535.8% 2043.6% 2-орында1979Маргарет Тэтчер13,697,92343.9% 6253.4% 1-орындаКонсервативті198313,012,31642.4% 3861.1% 1-орындаКонсервативті198713,760,93542.2% 2157.8% 1-орындаКонсервативті1992Джон Мейджор14,093,00741.9% 4051.6% 1-орындаКонсервативті19979,600,94330.7% 17125.0% 2-орында2001Уильям Хейг8,357,61531.7% 125.2% 2-орында2005Майкл Говард8,785,94132.4% 3230.7% 2-орында2010Дэвид Кэмерон10,704,64736.1% 10847.1% 1-орындаКонсервативті–Либералды демократтар201511,334,92036.9% 2450.8% 1-орындаКонсервативті2017Тереза Мэй13,632,91442.3% 1348.8% 1-орындаКонсервативті азшылық2019Борис Джонсон13,966,45143.6% 4856.2% 1-орындаКонсервативті2024Риши Сунак6,828,92523.7% 24418.6% 2-орында
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Консервативті Консервативті Консервативті