Хви́ча Кварацхе́лияОтец Кварацхелии: «Пару дней назад агент сообщал, что с „Локомотивом“ договориться не удается» (; 12 ақпан 2001, Тбилиси) — грузиялық футболшы, Грузия Ұлттық футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы

Карьерасы

Клубтық Тбилисидің «Динамо» клубының түлегі. Ол 2017 жылдың 29 қыркүйегінде «Колхети-1913» командасына қарсы өткен Грузия чемпионатындағы матчта негізгі құрам сапындағы тұңғыш ойынын өткіздіKolkheti Poti 1:1 Dinamo Tbilisi / E-Liga 29.09.2017 // soccerway. Барлығы 2017 жылғы маусымда чемпионатта 4 кездесу өткізіп, 1 гол соқтыShukura 0:1 Dinamo Tbilisi / E-Liga 18.11.2017 // soccerway.

2022 жылдың 1 шілдесінде ресми түрде италиялық «Наполи» ойыншысы болды. 2022 жылдың 15 тамызында «Наполи» сапындағы тұңғыш ойынын А сериясында "Эллада Веронаға" қарсы матчта өткізді және 37-минутта клуб сапындағы бірінші голын соқты.

Халықаралық Грузия құрамасы сапындағы тұңғыш ойынын 2019 жылы 7 маусымда Гибралтар құрамасына қарсы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында өткізді. 2020 жылдың 14 қазанында Солтүстік Македонияға қарсы матчта ұлттық құрама сапындағы тұңғыш голын соқты, ал 2021 жылы 28 наурызда Испания құрамасының қақпасына гол соғып, матчта есеп ашты. Үшінші голын 2021 жылы 31 наурызда Грекия құрамасымен ойында (1:1) соғып, матчтың 78-минутында есепті теңестірді. Жүлделері

Командалық «Динамо» (Тбилиси)

Грузия чемпионатының күміс жүлдегері: 2017

«Локомотив»

Ресей кубогы: 2018/19 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2018/19

«Наполи»

Италия чемпионы: 2022/23, 2024/25

«Пари Сен-Жермен» Франция чемпионы: 2024/25 Франция кубогы: 2024/25 Чемпиондар лигасы: 2024/25

Жеке

Италия жыл футболшысы: 2022/23 Грузия жыл футболшысы (4): 2020, 2021, 2022, 2023

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Грузия футболшылары Санат:Грузия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Локомотив Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Динамо Тбилиси ФК ойыншылары Санат:Динамо Батуми ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары