Нығметулла Сырғабекұлы Сырғабеков (1900, №7 ауыл, Петропавл уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы — 25 ақпан 1938) — Кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы (1929).
Өмірбаяны Ақмола облысы, Петропавл уезінің №7 ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы) дүниеге келді.
Петропавл қаласындағы екінші үш жылдық жоғары бастауыш мектепті бітірген. 1921 жылдан бастап РК(б)П мүшесі болды. 1921 жылы — Петропавл уездік революциялық комитетінің нұсқаушысы, 1921—1923 жылдары — Ақмола губерниялық революциялық комитеті мен губерниялық атқару комитетінің нұсқаушысы, Ақмола губерниялық трибуналының алқа мүшесі, Ақмола губерниялық соты төрағасының орынбасары, 1923 жылы — БК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің нұсқаушысы, 1924—1926 жылдары — Төралқа мүшесі, РКФСР Жоғарғы соты Қазақ бөлімшесіндегі сот-қылмыстық алқасы төрағасы, 1926—1929 жылдары — Жетісу губерниялық сотының төрағасы, 1928—1929 жылдары — алқа мүшесі және Қазақ АКСР прокурорының көмекшісі, 1929 ж. мамыр-қарашасы — Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағасы, 1929—1931 жылдары — Ауыл шаруашылығы халық комиссариаты басқармасының басшысы, Қазақ АКСР Ауыл шаруашылығы халық комиссарының орынбасары, 1931 жылы — Қазақ АКСР халық комиссарлары кеңесі қарамағындағы Қазақ халқын қоныстандыру комитеті төрағасының орынбасары, 1932 ж. қаңтар-наурыз — Қазақ АКСР-нің қамсыздандыру халық комиссары, 1932—1933 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1933—1937 жылдары — Қазақ АКСР және Қазақ КСР Егін шаруашылығы халық комиссары.
БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің (1929-1936), Қазақстан К(б)П ОК мен оның бюросы (1937) мүшесі, БОАК және Қазақ ОАК мүшесі болып сайланды.
1937 жылы қудаланды. 1938 жылы 25 ақпанда атылды. 1958 жылы ақпанда ақталды.
Сілтеме Қазақстан ЖС сайты
Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:1938 жылы бұйрықпен өлтірілгендер Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары