Қызығушылық аймағы () — Мартин Эмистің 2014 жылғы аттас романына негізделген Режиссер Джонатан Глейзердің 2023 жылғы тарихи драмалық фильмі. Оның премьерасы 2023 жылдың мамырында Канн кинофестивалінде өтті. Фильм Гран-При мен ФИПРЕССИ сыйлығын жеңіп алды.
Сюжеті Фильм оқиғалары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшадағы Освенцим лагерінің аумағында өтеді. Освенцим концлагерінің коменданты Рудольф Хёсс пен оның әйелі Хедвиг лагерьден қоршаудың арғы жағындағы үйі мен бақшасында өз отбасылары үшін армандаған өмірін құруға тырысады. Фильм өз байлығын Освенцимдегі еврейлерді тонау мен өлтіру арқылы тапқан ауқатты неміс отбасының өмірі туралы баяндайды.
Жүлделер мен номинациялар ЖүлдеСанатНоминант(тар)Нәтиже Канн кинофестивалі Алтын пальма бұтағы Джонатан Глейзер Гран-при ФИПРЕССИ сыйлығы Soundtrack Award Мика Леви CST Artist-Technician Award Джонни Берн «Оскар» Үздік фильм Джеймс Уилсон Үздік режиссураДжонатан ГлейзерҮздік бейімделген сценарийҮздік шет тіліндегі фильмҚызығушылық аймағыҮздік дыбысТарн Уиллерс және Джонни Берн
Дереккөздер
Санат:Джонатан Глейзер фильмдері Санат:Неміс тіліндегі фильмдер Санат:2023 жылғы Ұлыбритания фильмдері Санат:Ұлыбритания драма фильмдері Санат:A24 фильмдері Санат:Film4 Productions фильмдері Санат:Холокост туралы фильмдер Санат:Үздік шет тіліндегі фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)