(1373) Цинциннати — Негізгі белдеудегі астероид.
Оны 1935 жылы 30 тамызда Эдвин Хаббл Калифорниядағы Маунт-Вилсон обсерваториясында ашты. Бұл әйгілі америкалық астрономның жалғыз ашқан астероиды. Цинциннати обсерваториясының құрметіне орай аталды.
Астероид орбитасының қиғаштығы 39°-қа жуық. Бұл ашылған уақытынан бастап, 1980 жылға шейін Негізгі белдеудегі ең жоғары көрсеткіш болды.
Дереккөздер
Тағы қараңыз (2069) Хаббл Астероидтар тізімі (1301—1400) Санат:Астероидтар