Dawn () — Негізгі белдеудегі екі ең ірі нысанды зерттеуге арналған америкалық ғарыш кемесі, НАСА агенттігінің Discovery бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Ол Церера ергежейлі планетасын және (4) Веста астероидын жақыннан зерттеген алғашқы миссия болды. Сондай-ақ ол бір аспан денесінен артық нысанды орбитадан бақылаған алғашқы ғарыш аппараты болды.

Deep Space 1 аппаратында сынақтан өткен ионды қозғалтқыш технологиясын өз миссиясында пайдаланған алғашқы аппарат. Бұрын химиялық отынмен істеген және бірнеше аспан денесін зерттеген миссиялардың орбитаға енбей, тек жанынан ұшуға ғана мүмкіндігі болған.

Dawn аппараты ғарышқа 2007 жылдың 27 қыркүйегінде ұшырылды. 2018 жылдың 1 қарашасына қарай отынның бітуіне байланысты миссиясы аяқталды.NASA's Dawn Mission to Asteroid Belt Comes to End

Галерея

Дереккөздер

Сілтемелер Dawn Mission Archive — NASA Planetary Data System, Small Bodies Node

Санат:Церера Санат:Астероидтарды зерттеу Санат:Марсты зерттеу