Василий Андреевич Жуковский – орыс ақыны. Орыс әдебиетінде романтизмнің негізін салушылардың бірі.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Помещик А.И. Буниннің заңсыз қалыңдығы – тұтқын түрік қызы Сальхиден туған. 1797 – 1801 жылдары Мәскеу университетінің жанындағы пансионда оқыған. 1812 жылы француз-орыс соғысына қатысты. 1815 жылы патша сарайына алынып, 1826 жылдан Ресей тағы мұрагерінің тәрбиешісі болды. А.С. Пушкинмен таныс болған. Ол өзінің патшаға жақындығын пайдаланып, декабрьшіл ақындардың, Т.Г. Шевченконың, М.Ю. Лермонтовтың, А.С. Пушкиннің жазасын жеңілдетуге көмектесті. Ресейде Орта Азия мен Қазақстанды зерттеумен айналысатын “Азия академиясын” құруды ұсынды. Жуковский 19 ғасырдың 30-жылдарынан бастап, көбінесе, шет елдерде тұрды. “Село молалары” атты тұңғыш өлеңі (Т.Грей өлеңінің аудармасы) 1802 жылы жарияланды. “Людмила” (1808), “Светлана” (1808 – 12), “Эол арфасы” (1814) балладалары Жуковскийді ақын ретінде танытты. Жуковский орыс әдебиетінде психол. лириканың негізін салды. Гомердің “Одиссейін” (1849), шығыс эпостарын (“Рүстем – Зораб”, 1847), Байрон, Шиллер шығармаларын орыс тіліне аударды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:9 ақпанда туғандар Санат:1783 жылы туғандар Санат:24 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1852 жылы қайтыс болғандар Санат:Баден-Баденде қайтыс болғандар Санат:Ресей империясы ақындары Санат:XIX ғасырдағы Ресей ақындары Санат:Ресей аудармашылары Санат:Ресей империясы аудармашылары Санат:XIX ғасыр аудармашылары Санат:Поэзияны орыс тіліне аударушылар Санат:Ағылшын тілінен аудармашылар Санат:Ресей әдебиет сыншылары Санат:Ресей империясы әдеби сыншылары Санат:XIX ғасыр әдеби сыншылары Санат:Василий Жуковский Санат:Романтизм жазушылары Санат:Ресей академиясы мүшелері Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшелері Санат:Мәскеу университетінің құрметті мүшелері Санат:Санкт-Петербург ғылым академиясының толық мүшелері Санат:Оксфорд университетінің құрметті докторлары Санат:Ресей империясы баспагерлері Санат:Ресей империясы офицерлері Санат:Баден-Баденде жерленгендер Санат:Тихвинск зиратында жерленгендер