Лукас Мишел Мендис (; 4 шілде 1990 жыл, Куритиба) — катарлық және бразилиялық футболшы, қорғаушы. 2023 жылдан бері Катар Ұлттық футбол құрамасында ойнайды. 2023 жылғы Азия кубогының жеңімпазы.
Карьерасы
Клубтық Мендис бразилиялық "Коритиба" клубының түлегі. Ол ересектер командасына 2008 жылы қосылды және көп ұзамай оның негізгі ойыншыларының біріне айналды. Төрт жыл ішінде Мендис "Коритиба" сапында 139 матч өткізіп, екі гол соқты. Үш жыл қатарынан 2009-2012 жылдар аралығында Парана штатының чемпионы атанды.
2012 жылдың 29 тамызында Мендис "Олимпик Марсельге" ауысты, транфері 2 миллион еуроны құрады.
2014 жылы "Әл-Жайшке" ауысты.
Жүлделері
Азия кубогының жеңімпазы: 2023 Катар чемпионы: 2017/18 Катар кубогы: 2018
Дереккөздер
Санат:Катар футболшылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Катар Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Азия чемпиондары Санат:Коритиба ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Әл-Жайш Эр-Райян ФК ойыншылары Санат:Әл-Духаиль ФК ойыншылары Санат:Әл-Гарафа ФК ойыншылары Санат:Әл-Вакра ФК ойыншылары