Қоғамдық көлік — көпшілік пайдалана алатын көлік түрі.

Қоғамдық көлік көбінесе белгілі бір тұрақты бағытпен жүреді. Оны пайдаланғанда, жолаушыдан әдетте ақы алынады.

Түрлері Маршрутты көлік түрлері: Жердегі көлік: автобус, троллейбус, трамвай, пойыз, монорельс. Жер асты көлік: метро. Су көлігі: сал қайық, кеме, катер, суасты қанаттары бар қайық. Әуе көлігі: ұшақ, тікұшақ, дирижабль.

Жалдамалы көлік әдетте аялдамада емес, жолаушы қалаған жерде тоқтайды: жүргізушісі бар көлік: такси, моторикша, велорикша, гондола. өзің жүргізетін көлік: каршеринг, велошеринг, кикшеринг (электросамокаттарды жалдау).

Ғимараттардың ішінде болатын көлік: эскалатор, траволатор, лифт.

Санат:Көлік түрлері