Темірлан Шайхоллаұлы Мұқашев (30 шілде 1996 жыл, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан) — қазақстандық саяхатшы, кәсіпкер және видеоблогер.

Өмірбаяны 1996 жылғы 30 шілдеде Орал қаласына туған. 5 жасқа дейін қала маңындағы ауылда жасаған. Отбасыда 7 адам.

Білімі Орал қаласында 9 сыныпты және колледжде заңгер мамандығын бітірген.

Әлем бойынша саяхаттау Қазіргі уақытқа дейін Индонезия (Бали), Вьетнам, Тайланд, Үндістан, Түркия, Мысыр, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан, Моңғолия, Испания, Франция, Нидерланд, Польша, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, БАӘ саяхаттаған және барлық бейнелерді YouTube-та Temirlan Mukashev атты қазақ тілді арнада жүргізеді. 2023 жылы Мәскеудегі Донское зиратына жерленген Әлихан Бөкейхановты зиярат етті. YouTube арнаны 2019 жыл 27 қазанда ашқан. 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында көрермендерім көбейе бастаған. Бір айда арнасына 60 мың адам тіркелген. 2024 жылдың 16 қазандағы жағдай бойынша арнаның 348 мыңнан астам жазылушы және 31,5 миллионнан астам қаралым бар.

Саяхаттауда тек сол мемлекеттегі халықты емес, қазақтар көп шоғарланған Өзбекстандағы Қарақалпақстан және Моңғолиядағы Баян Өлгий аймағына барған.

Танымалдыққа ие болуы Осы кезге дейін YouTube арналардаға подкасттарға шыға бастады. Karatino production, Түнгі Ауысым Подкасты, Nurmakhan Mukhanuly, Caravan kz, ҚазТех_1, Ақжайық ТВ арналарына подкастарға шықты. Бейнелер 1 мыңнан 77 мың аралықта қаралым бар.

Жеке өмірі Үйленген. Жұбайы — Болатова Айгерім (2022 жылдың қыркүйек айына).

Марапаттары YouTube күміс батырма иесі

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Instagram ресми парақшасы YouTube ресми парақшасы

Санат:Қазақстан ютуберлері Санат:YouTube күміс батырма иелері Санат:Қазақстан саяхатшылары Санат:Қазақстан блогерлері Санат:Қазақстан кәсіпкерлері