Ақкөл-Жайылма — Павлодар облысындағы көне қала орны.

Өлеңті өзені мен Шідерті өзені Ақкөлдің тұсында түйісіп, жайыла ағатын болғандықтан бұл жерді халық Ақкөл-Жайылма атап кеткен.Ақкөлдің бойы – әулие мақаласы On.kz сайтында

Ғалымдар мұнда табылған зираттар мен төбелердің басым бөлігін оғыз-қыпшақ дәуіріне жатқызып отыр. Бұл мекен Шайбани ұлысының орталығы болғаны жайында деректер де бар.Ақкөл-Жайылма қалашығы туралы мақала El.kz сайтында

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресінде» де Ақкөл-Жайылма жеріндегі ескерткіштер туралы айтылады: «Шідерті өзенінің аяғында Ақжар, Сасай деген ноғайлылардың егіншілікпен айналысып, қала тұрғызған, билік еткен, Бұқар, Қоқан хандары сияқты орда еткен жері екен. Өлеңтінің аяғында "Қараоба", "Сарыоба" деген екі төбе — Қарабай мен Сарыбай деген екі бай қоныстанған екен, бұл екеуі де қазақтың байлары. Сол Сарыбайдың жалғыз қызы Баянсұлудың туған жері — Баянаула тауы».

Дереккөздер

Сілтемелер Ж. Артықбаев. Ақкөл-Жайылма — хандар мекені

Санат:Қазақстан көне қалалары