Томас Грант Гастин (; 14 қаңтар 1990, Норфолк, Виргиния) — америкалық актёр мен әнші, «Флэш» телехикаясындағы Бари Аллен рөлімен және басқа Арроуверс жобаларында (2013–2023), сонымен қатар «Хор» сериалындағы (2011–2013) Себастьян Смит рөлімен танылған.
Өмірбаяны
Жасөспірім кезі Гастин АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Норфолк қаласында Тина Хени мен Том Гастиннің отбасында дүниеге келген. Оның Тайлер есімді ағасы және Грейси атты әпкесі бар. Ол Норфолктағы Гранби орта мектебін бітіріп, Губернаторлық өнер мектебінде және Элон университетінде оқыды. Ол үнемі жергілікті театр-студия қойылымдарына қатысып, 2010 жылы Бэйби Джон рөліндегі Вест сайд тарихы Бродвей мюзиклінің ұлттық гастрольіне қосылды.
Мансабы солға|нобай|200x200 нүкте|2017 жылғы Сан Диего комиккондағы Гастин Гастин телевизиядағы дебютін 2006 жылы «Обессия» мистикалық антологиясының эпизодтарының бірінде жасағанымен, атақ тек 5 жылдан кейін, Фокс арнасының «Хор» сериалында ашық гей, солист Себастьян Смайт рөлін сомдағаннан кейін ғана келді. 2012 жылы ол полицияның процедуралық драмасы «CSI: Қылмыс орны Майами» фильмінде бір-бірінен бала күнде ажырап кеткен егізді сомдады. Ал 2013 жылы ол «90210: Жаңа буын» жасөспірімдер драмасының соңғы маусымында қайталанатын рөлді сомдады. Гастиннің алғашқы толық метражды фильмі «Ана қорқынышы» болды, ал оның үлкен экранға арналған алғашқы жұмысы «Бірігу» драмасы болды.
Жеке өмірі 2016 жылғы қаңтарда Гастин физиотерапевт Андреа «ЛА» Томамен (1988 жылы туған) көрісе бастады. Олар 2017 жылғы сәуірде үйленетінін жариялады және 2018 жылғы 15 желтоқсанда үйленді. 2021 жылғы ақпанда ерлі-зайыптылар бала күтіп жүргендерін жариялады. 2021 жылғы тамызда ерлі-зайыптылар Джунипер Грейс Луиза Гастин атты қызды дүниеге әкелді. 2024 жылғы 4 наурызда олар екінші баласын күтіп жатқанын хабарлады.
Фильмографиясы Гастиннің толық емес фильмографиясы:
Кино және теледидар Телесериалдары Жыл Атауы Рөлі Ескертпе 2006 Ov Томас (Стесидің сүйіктісі) Бір эпизод 2011-13 Хор Себастьян Смайт қонақ рөл, 7 бөлім 2012 CSI: Майами Скотт Феррис/Трент Бартон Бір эпизод 2012 Ана қорқынышы Крис Стюарт Телевизия фильмі 2013 90210 Камбелл Прайс 8 эпизод 2013- Флэш Бэрри Эллен/Флэш 8 эпизод 2014-Флэш Барри Аллен/Флэш Baсты рөл 2016Супергёрл Барри Аллен/Флэш 2 эпизод
Театр Жыл Қазақша аты түпнұсқа аты Рөл Ескерту 2010-2011Вест сайд тарихы West Side history Бала Джон Бродвейдің жаңғыруы
Марапаттары мен номинациялары ЖылПремияНоминацияЖұмысНәтиже2014IGN AwardҮздік ТВ-қаһарманФлэш 2015Kids' Choice AwardsҮздік телеактёрФлэш 2015Сатурн Үздік телеактёрФлэш 2015СатурнЖыл жаңалығыФлэш 2015Тин чойс ауардсТВ-дағы жыл жаңалығыФлэш 2015Teen Choice AwardsТВ-дағы үздік сүйісФлэш 2015Teen Choice AwardsТВ-дағы үздік жарасымФлэш 2015IGN AwardҮздік ТВ-қаһарманФлэш 2015IGN AwardҮздік ТВ-қаһарман. Халық таңдауыФлэш 2016Kids' Choice AwardsҮздік телеактёр: Отбасылық шоуФлэш 2016Сатурн Үздік телеактёрФлэш 2016Teen Choice AwardsҮздік ТВ-актёр: ФантастикаФлэш 2016Teen Choice AwardsТВ-дағы үздік жарасымФлэш 2016Teen Choice AwardsТВ-дағы үздік сүйісФлэш 2017МтвҮздік қаһарманФлэш 2017СатурнҮздік телеактёрФлэш 2017Teen Choice AwardsҮздік ТВ-актёр: ЭкшенФлэш 2017Teen Choice AwardsҮздік ТВ-зұлымФлэш 2018Kids' Choice AwardsҮздік телеактёрФлэш 2018МтвҮздік геройФлэш 2018Teen Choice AwardsҮздік ТВ-актёр: ЭкшенФлэш 2018Teen Choice AwardsТВ-дағы үздік жұпФлэш 2018Teen Choice AwardsЕң сымбатты жігіт 2018Best Shorts CompetitionБасты рөлдегі актерТом және Грант 2019Kids' Choice AwardsҮздік телеактёрФлэш 2019Teen Choice AwardsҮздік ТВ-актёр: ЭкшенФлэш 2019Сатурн Үздік телеактёрФлэш 2021Critics' Choice Super AwardsСуперқаһармандық сериалдағы үздік актерФлэш 2021СатурнҮздік телеактёрФлэш 2023Critics' Choice Super AwardsСуперқаһармандық сериалдағы үздік актёрФлэш 2024Broadway.com Audience Choice AwardsБасты рөлдегі актерПілЖеңіс
Дереккөздер