Тамара Қасымқызы Дүйсенова (құжаты бойынша Босымбекқызы, 11 қаңтар 1965, Сарыағаш ауданы) — қазақстандық саясаткер және экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, 2025 жылдан бастап «Аманат» партиясы Саяси менеджмент академиясының директоры.
Дүйсенова бұрын Қазақстан президентінің көмекшісі (2025), Премьер-министрдің орынбасары (2023—2025), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2013—2014, 2017—2018, 2022—2023) мен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014—2017) қызметтерінде болған.
Өмірбаяны Жастық шағы және білімі Тамара Дүйсенова 1965 жылғы 11 қаңтарда, Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы Ленинское (Ленин) ауылында дүниеге келген.
Дүйсенова 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтында инженер-экономист мамандығына білім алған.
Саясатқа дейінгі мансабы Дүйсенова еңбек жолын 1988 жылы Сарыағаш ауданының орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1998–1992 жылдары аралығында Өзбек КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және нормативтер ғылыми-зерттеу институтында экономист болып жұмыс істеген.
Саяси мансабы 1992 жылдан бір жыл бойы, 1993 жылға дейін Сарыағаш аудандық әкімдігінде аға экономист болған. Бұдан кейін, 1994 жылға дейін, Дүйсенова Перизат-холдинг компаниясы бір бөлімінің жетекшісі еді.
1994–1997 жылдары Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерінде болған. Бұдан кейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Осы қызметін Дүйсенова 1999 жылы аяқтады.
1999 жылдан 2002 жылға дейін Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болған. Бұл жұмысы аяқталғасын, 2006 жылға дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды. 2006 жылы ОҚО әкімінің орынбасары болып қайта тағайындалған Дүйсенова сол қызметте екі жыл бойы болды.
2008 жылдары Дүйсенова ЕХӘҚ министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдың ақпанында ол сол қызметін аяқтап, ол алты-ақ ай бойы сол министрліктің вице-министрі болды.
2013 жылдың 27 маусымында президент Назарбаев жарлығымен ЕХӘҚ министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызында жаңа құрылған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі лауазымына тағайындалған себебімен ЕХӘҚ министрлігі тоқтатылды. 2017 жылдың қаңтарында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылды, министрлік ыдыратылды, Дүйсенова министрліктің тарихындағы жалғыз министрі болып қалды.
2017 жылдың 25 қаңтарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта құрылды. Тамара Дүйсенова осы министрліктің басшысы ретінде қайта тағайындалды. Ол өзінің министрлігін 2018 жылдың 9 ақпанына дейін басқарды. Оның ізбасары болып Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова тағайындалды.
2018-2019 жылдары Тамара Дүйсенова Нұр Отан партиясының хатшысы болды. 2019 жылдың наурызынан Нұр Отан партиясы саяси кеңесінің мүшесі және 2020 жылдың желтоқсанында партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер болды.
2019-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарайтын Еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқарып, сол уақытта Президентке штаттан тыс кеңесші болды.
2020-2022 жылдары Президенттің көмекшісі бола жүріп, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды.Дүйсенова Тамара Босымбекқызы
2022 жылдың 11 сәуірінде Тамара Босымбекқызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындалды. Министр қызметін атқарып жатқан кезінде, 2023 жылдың 8 маусымында премьер-министр Әлихан Смайыловтың орынбасары болып тағайындалып, Алтай Көлгіновтің ізбасары болды. ЕХӘҚ министрі ретіндегі қызметін Дүйсенова 2023 жылдың 2 қыркүйегінде аяқтады, бірақ премьер орынбасары болуын жалғастыра берді.
2025 жылы 14 ақпанда Премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылып, Президент көмекшісі болып тағайындалды. 2025 жылы 25 қыркүйекте лауазымынан босатылды.
2025 жылдың аяғында «Аманат» партиясына қарасты Саяси менеджмент академиясының директоры болып тағайындалды.
Өз өмірі Тамара Дүйсенова қазақ, орыс, ағылшын, неміс және өзбек тілдерін меңгерген.
Тамара Дүйсенова әкесінің «азан шақыртқан» және шынайы есімі Қасым екенін және әкесінің есімі Қасымқызы деп жазылса дұрыс көретінін айтып кеткен. Дүйсенованың сөзінше қазақтың дәстүрлік себебінен құжатта әкесінің аты Босымбек деп жазылып қалған.
Марапаттары Тамара Дүйсенованың марапаттар тізімі: Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001); Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалі (2005); Құрмет ордені (2010);Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 3-дәрежелі Барыс ордені (2024).
Қосымша ақпарат
Дереккөздер
Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Саясаттағы Қазақстан әйелдері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау министрлері Санат:Қазақстан еңбек министрлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары