Темірлан қақпасы немесе Жызақ өткелі — Саңзар өзені шатқалының ең тар жері – Памир-Алайдың (Өзбекстан) батыс бөлігіндегі Малғұзар мен Нұратаудың жоталарын бөліп тұрған таулардағы өткел.

Шатқалдың ені жартылай тік жартас қабырғаларынан құралған, 120-130 м; кей жерлерде шатқал 35-40 м-ге дейін тарылады. Шатқал арқылы Ташкенттен Самарқанға баратын тас жолы және теміржол өтеді. Жартастардың басында жазулар, оның ішінде парсы тіліндегі көне жазулар бар. Оның бірі Самарқан билеушісі, астроном, Темірланның немересі — Ұлықбектің бұйрығымен жасалғанП. И. Лерх Археологическая поездка в Туркестанский край в 1867 году СПб. : Типография императ. акад. наук, 39 с., 1870.

Дереккөздер

Санат:Өзбекстан аңғарлары