Журавлёвка — Ақмола облысы Бұланды ауданындағы ауыл, Журавлёв ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Макинск қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде, бұта аралас, сұлыбас, қызыл селеу және әр түрлі шөптер өскен карбонатты қара топырақты, тастақты далалық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13711009 616 61,1 478 304 63,6 531 312 58,8

Тарихы Іргесі 1961 жылы “Журавлев” астық өсіру кеңшары ретінде қаланған. Оның негізінде 1997 жылы “Журавлев” өндірістік кооперативі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Бұланды ауданы елді мекендері