Хатуна Калмахелидзе (; , Тбилиси) — Грузияның мемлекеттік қайраткері, саяси қайраткері және дипломаты. Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі (2009 жылғы 21 желтоқсан —2012 жылғы 19 қыркүйек).

Өмірбаяны 2005 жылы Нью-Йорктегі Хантер колледжінің саясаттану факультетін бітірді.

2007 жылы Джордж Вашингтон университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген.

2004-2006 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясында жұмыс істеді.

2006-2008 жж. Халықаралық сайлау жүйелері қорында (IFES) Саяси қаржы зерттеулерінде жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары Грузияның Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары Грузияның жазалау, пробация және заңдық көмек министрі болды.

Қызметке кіріскеннен кейін Калмахелидзе елдің түрме жүйесінде реформалар жүргізіп, мемлекеттік түрмелердің 80%-ын еуропалық стандарттарға сәйкес келтірді.

2012 жылдың 19 қыркүйегінде ол Глдани түрмесінде тұтқындарды азаптау және зорлау жанжалынан туындаған наразылықтарға байланысты жұмыстан кетті.Грузияда жазаға тарту министрі отставкаға кетті

Хатуна Калмахелидзе грузин, орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде сөйлейді.

Сілтемелер Хатуна Калмахелидзе  фейсбукта

Дереккөздер

Санат:Грузия заңгерлері Санат:Грузия әйел саясаткерлері Санат:Джордж Вашингтон Университетінің түлектері Санат:Грузия министрлері