«Қазгидрогеология» — Қазақстандағы жерасты суларын басқару, іздестіру-барлау және саланы цифрландыру жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік компания. Жалғыз акционері — ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Тарихы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Су ресурстары және ирригация министрлігінің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі құрылатынын айтып өтті.
Үкіметтің 2024 жылғы 23 сәуірдегі №313 қаулысымен «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды
Дереккөздер