Гәнжә қалалық стадионы ()Gəncə şəhər Mərkəzi stadionu — Әзербайжандағы Гәнжә қаласының басты стадионы. Әзірбайжан премьер лигасында ойнайтын "Қапаз" футбол клубының үй аренасы.
Тарихы 1960 жылдары салынған Гәнжә қалалық стадионы орталық қалалық стадион болып табылады және 26 120 көрерменге арналған.Ganja City Stadium Стадион Әзербайжандағы атақты клубтардың бірі «Қапаз» ФК 1995, 1998, 1999 жылдары үш рет республика чемпионы атанған және 1994, 1997, 1998, 2000 жылдары төрт рет Әзірбайжан кубогын жеңіп алған клуб үшін үй аренасы болып табылады.
Қайта құру Жарамсыз болып қалған стадионды бірнеше рет қайта қалпына келтіріп, жөндеуге әрекет жасалды, бірақ басталған жұмыс әр жолы аяқталмай қалды.
2011 жылдың қарашасында ӘФФҚ президенті Ровнаг Абдуллаев Гәнжә стадионын қайта құру жоспары дайындалып жатқанын, ол аяқталғаннан кейін 2012 жылы қажетті жұмыстар басталатынын мәлімдеді.AFFA-nın prezidenti Rövnəq Abdullayev növbəti dəfə Gəncə stadionu ilə bağlı məsələyə toxunub
2013 жылы ӘФФҚ президенті Ровнаг Абдуллаевтың тапсырмасымен тағы бір әрекет жасалды. ӘФФҚ бас хатшысы Елхан Мамедовтың айтуынша, жөндеу жұмыстары 2013 жылдың тамыз айында басталуы керек едіElxan Məmmədov: «Avqust ayından Gəncə şəhər stadionu təmirə bağlanacaq» — See more at: http://sportarena.az/news/4189/?n=l#sthash.YtRgj7qU.dpuf , бірақ нақты қадамдар жасалмады. Ақырында, 2023 жылы стадион қайта жөндеуге жабылды. Қазіргі уақытта стадион толығымен бұзылып, құрылыс жұмыстары жоспарланды.Gəncə şəhər stadionu olduğu kimi
Мекенжайы Стадион Гәнжә қаласы, Ататүрік даңғылы, AZ2012 мекенжайында орналасқан. Gəncə şəhər stadionu
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша стадиондар Санат:Әзербайжан футбол стадиондары Санат:Гәнжә ғимараттары мен құрылыстары Санат:Қапаз ФК