Нұртас Солтанұлы (28 қаңтар 1984 жылы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Жиделі ауылында туған) — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
Еңбек жолы 2004-2005 жж. «Қалкен ТВ» телеарнасының жүргізуші-корреспонденті; 2005-2006 жж. «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының шығармашылық қызметінің редакторы; 2006-2011 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшісі; 2011-2019 жж. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі қызметін атқарды; 2019 -2023 жж. «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Altai» телеарнасының директоры; 2023 жылдың қарашасынан «Qazaq radiolary» ЖШС Бас директоры.
Білімі 2001-2005 жж. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, бакалавр; 2013-2015 жж. Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және Мемлекеттік Қызмет Академиясы, магистр.
Қоғамдық қызметі Бас редакторлар клубы мүшесі (2019 ж.); Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық филиалы төрағасы (2022 ж.); Қазақстан Журналистер Одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы (2023 ж.). Марапаты ҚР Президентінің Алғыс хаты (2011 ж.); «ТМД Парламентаралық ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.); «Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.); «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2020 ж.); «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі (2023 ж.).
Дереккөздер
Санат:Марқакөл ауданында туғандар