Тимофеевка — Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы ауыл, Тимофеев ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 42 км-дей жерде, сирек өскен қайың шоқтарының арасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 2211 адам (1083 ер адам және 1128 әйел адам) болса, 2009 жылы 1730 адамды (871 ер адам және 859 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1900 жылдың бас кезінде қаланған. 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға байланысты ұжымшар мен өзімен аттас ауылдық кеңестің орталығына айналды. 1957-1996 жылдары “Қаймақкөл” қой кеңшарының орталық болды. Кеңшар негізінде 1996 жылы бірнеше шаруа қожалықтары құрылды. Ең жақын темір жолы станса – Қазанбасы (35 км).Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том

Дереккөздер

Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері