Марат Талғатұлы Омаров (20 қыркүйек 1988 жыл, Семей) — қазақ саясаткері және экономист, 2022 жылдан бастап Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.Марат Омаров жаңа қызметке тағайындалды 2024 жылдан бастап Қазақстан футбол федерациясының президенті.

Білімі 2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша британиялық Йорк университетін, 2011 жылы Лондон экономика және саясаттану мектебінің (LSE) магистратурасын бітірген. "Әлеуметтік ғылымдар магистрі" мамандығын алған.

Еңбек жолы 2012—2014 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі (кейіннен – Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрі) Ерболат Досаевтың кеңесшісі болып қызмет атқарды.

2014—2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болды.

2016—2017 жылдары «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры болды.

2017—2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіретін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы, трансформациядан кейін «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы болды.

2019—2020 жылдары — «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі.

2020—2022 жылдары Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2022 жылғы 16 тамызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Қоғамдық қызметі Қазақстан футбол федерациясы 2024 жылғы 20 желтоқсанында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІ кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды.Марат Омаров – новый президент Казахстанской Федерации Футбола Президенттікке үміткерлер қатарында:

Алтай Даумов – «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан, Ербол Қайыров – «Ақмола облыстық футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан, Марат Омаров – «Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы» ЗТБ атынан ұсынылды. Басты үміткерлер Ерлан Жамантаев пен Давид Лория сайлауға түсіп, кейін кандидатурасын алып тастады.

Жиынды ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды. Одан кейін әрбір үміткерге сөз беріліп, өз бағдарламаларын ұсынды. Отырыстың ресми бөлігі аяқталған соң облыстық футбол қауымдастықтары, заңды тұлғалар бірлестіктері, футбол клубтары мен мектептердің өкілдері дауыс беруге қатысты. Дауыс беру нәтижесінде Марат Омаровтың кандидатурасы көпшілік қолдауына ие болды. Кейбір БАҚ хабарлауынша Омаров мектеп бітіргеннен кейін Англияға аттанып, Йорк университетінде экономист мамандығы бойынша білім алады. Англияда жүрген кезде студенттер лигасында футбол ойнайды. Кейін Хадерсфильдтің жастар командасына шақырту алып, Англияның төменгі лигасында өнер көрсеткен.

Отбасы Қазіргі жұбайы Адия Имашева (1999 жылы туған) — белгілі саясаткер Берік Имашевтың қызы.Марат Омаров – новый президент КФФ Бұрынғы әйелі Дана Омарова (1989 жылы туған) — белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың әпкесі Шолпан Боранбаеваның қызы.Список аффилиированных лиц АО "Жилстройсбербанк Казахстана" по состоянию на 1 января 2020 года Имашев та, Боранбаев та Дариға Назарбаеваның құдасы болған.

Бұрынғы некесінен екі баласы бар: қызы Адель (2015 жылы туған) және ұлы Темірлан (2017 жылы туған).

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері