«Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» () — 2004 жылы жазылған Андрей Данилконың орындауындағы балерина Белла Куценконың монологынан алынған фраза. 2022 жылы музыкалық шығармалар семпліне (үлгісіне) айналғаннан кейін танымал болды. Андрей Данилконың орындауындағы бұл фраза Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін вирустық фразаға айналды.
Музыкада қолданылуы 2022 жылдың наурыз айында украиналық Vivienne Mort тобының солисті Даниэла Заюшкина Facebook парақшасында «Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» фразасын көтерілістік мелодиясына қойып жариялады.
2022 жылдың сәуір айында украиналық әнші Jerry Heil «Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» фразасын қолданып «#МОСКАЛЬ_НЕКРАСІВИЙ» синглін шығарды. «Ой на горі та й женці жнуть» украиналық халық әнінің негізінде жазылған синглде Владимир Зеленский, Виталий Ким, Алексей Арестович және Украина Қарулы Күштерінің жауынгерлері, сондай-ақ, сығандардың орыс сарбаздарынан танк ұрлап кеткені және әйелдің қылтимадан қиар жабылған шыны құтыны лақтырып, дронды қағып түсіргені жайлы кеңінен таралған оқиғалар аталып өтілген. Әннің музыкалық видеосы Украинада YouTube трендінде бірінші орынды иеленді.
Ұран ретінде 4 маусымда Полтаваны орыссыздандыру туралы петиция авторы Алексей Логвинов «Құры Украинадан, ұсқынсыз москаль!» деген баннерді кеңес әскери қолбасшысы Николай Ватутиннің ескерткішіне ілді.
Тағы қараңыз Орыс әскери кемесі, сігіл ары! Путин — хуйло!
Дереккөздер
Санат:Украина интернет-мемдері Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі жайлы өлеңдер Санат:Ресейдің Украинаға басып кіруі жайлы интернет-мемдер