Қараерен – Іле алабындағы өзен, Шарын өзенінің тармағы.

Географиялық орны Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Тасқарасу ауылдық округі аумағымен ағады. Ұзындығы 41 км.

Бастауы Ақтөбе қыстауы тұсынан Шарын өзенінен бөлініп шығып, Іле өзеніне құяды.

Гидрологиясы Арнасы Шарын ауылынан төменде жайылма құрайды. Ашық жағалауының кейбір жерлерінде шіліктен тұратын шоқ тоғайлар өскен. Суын егістікке және мал суаруға пайдаланады. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы өзендері Санат:Іле су алабы