Астрида Иваска (, туған кездегі есімі – Астридэ Хелена Хартмане (); 7 тамыз 1926Bibliothèque nationale de France Autorités BnF (фр.): платформа открытых данных — 2011. https://catalogue.bnf.fr/ark:/12148/cb14571305t, Ригаhttps://github.com/CarnegieHall/linked-data — 2017 – 24 наурыз 2015, Рига) — Латвиялық-америкалық жазушы-ақын. Ақын Ивар Ивасканың жұбайы.

Өмірбаяны 1926 жылы 7 тамызда Рига қаласында дүниеге келген. Әкесі – Мартиньш Хартманис, Латвия армиясының генералы, анасы – Ирма Мария Хартмане. Ағасы – компьютер ғалымы Юрис Хартманис. 1940 жылы Кеңес Одағы Латвияны оккупациялағаннан кейін генерал Мартиньш Хартманис КСРО түрмесіне қамалдыhttps://www.worldliteraturetoday.org/blog/literary-tributes/tribute-astrid-ivask-literary-light. Ол 1941 жылы өлім жазасына кесілді, бірақ отбасы оның тағдыры туралы 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін ғана білдіAistars, Zinta (April 8, 2008). http://www.hercircleezine.com/2008/04/08/astride-ivaska-1926/ .

1944 жылы Астриданың анасы мен ағасы Германиядағы босқындар лагерінен кетті. Астрида Марбург университетінде тілдерді оқыды. Ол кейінірек былай деп жазды:«Марбургте мен үшін еуропалық зияткерлік өмір ашылды. Университетте жүрген үш жыл ішінде мен жеті шет тілімен жұмыс істедім, кейбірі тірі, біреулері әлдеқашан өлі, фин-угор мәдениеті саласымен айналыстым».

Астрида 1949 жылы магистр дәрежесін алды. Сол жылы ол сол университетте әдебиет және өнер тарихы бойынша докторлық дәрежесін алған эстон ақыны Ивар Иваскаға тұрмысқа шықты. Ерлі-зайыптылар АҚШ- қа көшті. Мұнда Ивар Иваска Миннесота штатындағы Олаф колледжіне оқытушы ретінде қабылдандыTwentieth-Century Eastern European Writers: Third Series..

1967 жылы Астрида жұбайымен бірге Оклахома штатының Норман қаласына көшіп, Оклахома университетінде заманауи тілдер мен әдебиет профессоры болды. Ол адъюнкт болып жұмыс істеді және орыс, неміс, француз тілдерінен сабақ берді. Күйеуі Ивар университеттің «World Literature Today» әдеби журналының редакторы болды. Ерлі-зайыптылар көптеген авторлар мен сыншыларды өз үйінде қонақ етіп, оқулар мен әдеби шараларға қатысты.

1991 жылы ерлі-зайыптылар Ирландияның Корк округіне көшті. Алайда, бір жылдан кейін, 1992 жылы Иварк Иваска қайтыс болды. Астрида 2001 жылы Ригаға оралуға мәжбүр болды.

Шығармашылығы Ивасканың алғашқы өлеңдер жинағы «Крещение озера» ( , 1966). Басқа жинақтарға «Зимний суд» ( , 1968), «Шаг в лесу» ( , 1973), «Извилистые заливы» ( , 1981), «На краю залежи» (, 1981), «Легкораненый» ( , 1982) шығармалары кіреді. Оның жұмысының көпшілігі латыш тілінде жазылған, бірақ бір жинақ «Стихотворения Оклахомы» (, 1990) ағылшын тілінде жазылғанAn Encyclopedia of Continental Women Writers. — ISBN 9780824085476. https://books.google.com/books?id=2Wf1SVbGFg8C&pg=PA106Contemporary East European Poetry: An Anthology. — ISBN 9780195086362. https://books.google.com/books?id=sF6TnmJFFYEC&pg=PR26.

Оның басқа шығармаларына «Сюрпризы и открытия» ( , 1984), балаларға арналған өлеңдер мен әңгімелер, сондай-ақ «Изгибы заливов: виды и пейзажи» поэтикалық саяхат эскиздер кітабы ( , 1981), «Изложения» өлеңдер жинағы ( ; 1987).жатады.

Марапаттары

«Үш жұлдыз» ордені — Мәдениет пен әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін (Латвия); «Ақ Жұлдыз» ордені — (Эстония); Латвия Жазушылар одағының жыл сайынғы сыйлығымен марапатталды.

Дереккөздер

Санат:Латвия жазушылары Санат:Латвия ақын-жазушылары