Қаражал – Қосмұрын тауларының шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кентінің оңтүстік-батысында 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 827 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-ге созылып жатыр, енді жері 5 км шамасында.
Жер бедері Шығыс беткейі тіктеу, солтүстік-батысқа қарай тізбектелген шоқылар аласарып, жазыққа ұласады. Салыстырмалы биіктігі 75 – 80 м.
Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің ортаңғы және төменгі бөлімінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, сұлыбас, бұталар өседі. Етегіндегі бұлақтардың маңы мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары