Сэр Кир Родни Стармер (; 2 қыркүйек 1962 жыл, Лондон) — британдық саясаткер, барристер мен заңгер, 2024 жылдан 2026 жылға дейін Ұлыбритания Премьер-министрі, әрі Лейбористік партияның көшбасшысы.
Кир Стармер — 2015 жылғы мамырдан қызметтегі Қауымдар палатасының округінен сайланған депутаты. Бұрын Стармер Парламенттік оппозицияның басшысы (2020–2024) қызметінде болған.
Идеологиялық тұрғыдан өзін прогрессивтік социалист дейтін Стармер — Лондон тумасы. Суррейде өскен ол 16 жасында Лейбористік партияның жастар бөлігіне мүше болды. Ол Лидс университетінде заң мен Оксфорд университетінің Әулие Эдмунд холлында азаматтық заң бакалавриаттарына ие болды да, заңи мансабында негізінен адам құқықтарына маманданған қылмыстық қорғау жұмыстарымен айналысты. Ол Солтүстік Ирландияның полиция кеңесінде адам құқықтары жөніндегі кеңесші қызметін атқарды және 2002 жылы II Елизабеттің кеңесшісі болып тағайындалды; Солтүстік Ирландия полиция қызметіндегі бастан кешіргені оның саясатпен айналысу шешіміне әсер етті.
Стармер 2015 жылғы жалпы сайлауда Қауымдар палатасына сайланды. Ол 2016 жылғы Еуропалық Одаққа мүшелік референдумында Брэкситке қарсы сәтсіз науқанын қолдады. Ол Джереми Корбиннің көлеңкелі кабинетіне тағайындалды және Брэксит бойынша ұсынылған екінші референдумның өткізілуін жақтады. Корбин 2019 жылғы жалпы сайлауда лейборист жеңілгеннен кейін отставкасын жариялады да, Стармер солшыл платформада 2020 жылғы сайлауда жеңіп, партияның жаңа көшбасшысы болды. Оппозиция жетекшісі ретінде Стармер партияны саяси орталыққа қарай жылжытып, партиядағы антисемитизмді жоюға үлес қосты. Ол лейбористерді 2023 және 2024 жылдардағы жергілікті сайлауларда жеңіске жеткізді.
2024 жылғы шілдеде Стармер Лейбористік партияны 2024 жылғы жалпы сайлауда жеңіске жеткізіп, он төрт жылдық консервативті үкіметтің соңына әкелді де, лейбористер Қауымдар палатасындағы мандаты ең көп партия болды. Ол 5 шілдеде Риши Сунактың орнына премьер-министр болып, Ұлыбританияның Гордон Брауннан бергі алғашқы лейборист үкімет басшысы болды. Сыртқы саясатқа келгенде, Стармер ХАМАС-қа қарсы соғыста Израильді және Ресеймен соғыстағы Украинаны қолдады, сонымен бірге Газа секторындағы атыстың тез арада тоқтауын талап етті. Уақыт өте келе Стармердің Израильмен қарым-қатынасы күрделене берді, мысалы израильшіл донорлардан қаражат алған Стармер үкіметі тұсындағы Ұлыбритания 2025 жылғы қыркүйекте Палестина мемлекетін мойындады.
2026 жылғы 22 маусымда Стармер Ұлыбритания премьерлігі мен лейбористер партиясының төрағалығынан кететінін жария етті. Бұл шешім басқа лейборшыл депутаттардан келген қысымнан кейін жасалды. Келесі айда Стармердің ізбасары болып Эндрю Бёрнем сайланды.
Жастық шағы және білімі нобай|солға|Кир Стармер бітірген Кир Родни Стармер 1962 жылғы 2 қыркүйекте, Лондонда дүниеге келген. Төрт баланың екіншісі туған ол Суррейде тәрбиеленді. Ата-аналары — медбике болған Джозефин мен сайманшы болған Родни Стармерлер. Джозефин Стармер Стилл синдромымен ауыратын. Кир Стармердің әке-шешесі Лейбористік партияның қолдаушылары еді, кейбір дерек бойынша, олар Кир Стармердің атын партияның бірінші парламенттік көшбасшысы Кир Харди құрметіне қойған, алайда 2015 жылы Кир Стармер бұл ақпараттың рас екеніне сенімді емес екендігін айтып кеткен.
Стармер басты емтиханды тапсырып, ол кезде ерікті таңдаулы гимназия болған түсті. Мектеп 1976 жылы (ол кезде Стармер оның оқушысы еді) дербес ақылы мектепке айналдырылды. Ауысудың шарттары бойынша ол өз оқуын еш өзге қаржыландырусыз аяқтай алады; мектеп Стармерге жеке стипендия ұсынды. Мектептегі соңғы екі жылында ол таңдаған пәндері математика, музыка және физика болды, ол сол пәндерден сәйкесінше A-бағалас бағалар арасындағы В, В және С бағаларын алды.
Жасөспірім кезінде Стармер лейбористік саясатта белсенді болды; ол 16 жасында жұмысшы партиясының жас социалистер (партияның жастар ұйымы) мүшесі болды. Ол 18 жасына дейін кіші көрмеші болды және флейтада, фортепианода, блокфлейтада және скрипкада ойнады. 1980 жылдардың басында полиция Стармерді Зеңгір Жағалаудағы демалысындағы ақша жинамақ болған кезінде балмұздақты заңсыз сатқан кезінде ұсталды. Ақырында Стармер жазаланбай кетті, оның тек балмұздақтары тәркіленді. Стармер Лидс университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алып, университеттің Лейбористік клубының мүшесі болды және 1985 жылы бірінші дәрежелі үздік дипломмен және заң бакалавры дәрежесімен бітіріп, отбасындағы оқуын бітірген бірінші адам болды. Стармер кейін жоғары оқу орнынан кейінгі білім де алды; 1986 жылы ол Оксфорд университетінің Әулие Эдмунд холлында азаматтық заң оқуын бітірді. 1986 жылдан 1987 жылға дейін Стармер Социалистік баламалар () троцкистік радикалды газетінің редакторы болды.
Заңгер ретінде мансабы нобай|солға|200px|Заңгер болған Стармер, шамамен 2012 жыл Стармер Сот инндерінде 1987 жылы барристер болды да, сол жерде 2008 жылы бенчер () атағына ие болды. Ол 1990 жылға дейін «Азаттық» () науқан тобының заң қызметкері болып қызмет етті. Стармер 1990 жылдан бастап Доти көшесі кеңселерінің (Doughty Street Chambers) мүшесі болды, ол негізінен адам құқықтары мәселелерімен айналысқан. Осы жердегі қызметі кезінде Стармер, оған қоса, болашақ әйелі Виктория Александрмен танысты.
Стармер Антиль аралдары мемлекеттеріндегі қорғаушылар алқасына бірнеше рет шақырылған еді; ол жерде ол өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің қорғаушысы ретінде жұмыс істейтін. 2002 жылғы 9 сәуірде 39 жаста болған Стармер корольдік адвокат болды. Сол жылы ол Доти көшесі кеңселерінің басшысы болып та тағайындалды. 2005 жылы ол өзінің корольдік адвокат ретінде тағайындалуы жайлы сөйлегенде өзінің монархияны жоқ қылуға бірнеше рет шақырғандығынан сол шешімнің «біртүрлі» болғанын айтты.
Стармер Солтүстік Ирландияның Полиция кеңесі мен Бас полиция қызметкерлері қауымдастығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды, сонымен қатар 2002 жылдан 2008 жылға дейін Сыртқы істер, Достастық және Даму офисінің өлім жазасы бойынша кеңес беру тобының мүшесі болды. Солтүстік Ирландия кеңесі Белфаст келісімінен кейін қауымдастықтарды біріктірудің маңызды бөлігі болды және Стармер кейінірек Солтүстік Ирландиядағы полиция қызметі бойынша оның саяси мансаппен айналысу туралы шешіміне негізгі әсер еткенін атап өтті.
2008 жылдан бастап 2013 жылға дейін Корольдік прокурор қызметінің бас прокуроры болды.
Ерте саяси мансабы нобай|оңға|200px|Кир Стармердің ресми депутаттық портреті, 2017 Парламент депутаты 2014 жылғы желтоқсанда округінен сайланған депутат Фрэнк Добсон зейнеткерлікке шықты да, 2015 жылғы жалпы сайлауда Кир Стармер 17,048 көпшілік дауыспен осы округтің өкілі болып сайланды. Ол кейін 30,509 дауыс жинаған 2017 жылы, 27,763 дауыс жинаған 2019 жылы және 2024 жылы қайта сайланды.
Бэкбенчер ретінде Стармер 2016 жылғы Ұлыбританияның Еуропа Одағына мүшелігі туралы референдумда елдің Еуропа Одағындағы мүшелігінің жалғасуын қолдаған.
Көлеңкелі кабинеттегі қызметі Стармер лейбористер көшбасшысы Джереми Корбиннің көлеңкелі кабинетіне Иммиграция көлеңкелі министрі ретінде тағайындалған еді. 2016 жылғы маусымда Стармер Корбиннің басшылығына қарсы жаппай наразылық кезінде сол лауазымнан кеткен. Корбиннің 2016 жылы партия көшбасшысы ретінде сайлануынан кейін Стармер соның көлеңкелі кабинетіндегі Еуропа Одағынан шығу көлеңкелі министрі ретінде тағайындалуына келісім берді.
Көлеңкелі брэксит министрі ретінде Стармер Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шыққанынан кейін жасалатын жоспарының бар болғанына күмән келтірді, ресми жоспардың жария етілуін талап етті. 2016 жылғы 6 желтоқсанда сол кезде премьер болған Тереза Мэй Брэксит жоспарының жариялатынын айтты да, бақылаушылар бұл жаңалықты Стармердің жеңісі ретінде көрді. Кейін Стармер Еуропа Одағынан шығу туралы референдумның қайта өткізілу ұсынысын да қолдаған.
2019 жылғы жалпы сайлау кезіндегі лейбористердің жеңілісінен кейін Корбин келесі сайлау барсаңында партияны басқармайтынын айтты. Стармер Корбиннің басшылығынан және сайлауда ұсынған көптеген заң жобаларынан алшақтай бастады, 2024 жылы ол «2019 жылғы сайлауда жеңілетінімізге сенімді» болғанын да айтып кетті. 2020 жылғы 4 қаңтарда Стармер келесі көшбасшы сайлауында өз үміткерлігін ұсынатынын жариялаған. Оның үміткерлігін бұрынғы премьер Гордон Браун мен Лондон мэрі Садық Хан қолдады. Стармер 2020 жылғы 4 сәуірде көшбасшылар сайлауының жеңімпазы болып жарияланды, ол жалпы сайлаудың 56.2% жинаған еді.
Оппозиция басшысы нобай|оңға|Премьер-министрге сұрақ қою кезіндегі Стармер, 7 ақпан 2024 COVID-19 пандемиясы кезінде оппозицияның көшбасшысы болған Стармер өзінің партия басшысы ретінде тұңғыш сөзінде «партия пайдасы үшін жұмыс істеуден» аулақ болатынын және үкіметпен «ұлттық мүдде үшін» жұмыс істейтінін айтты. Ол кейінірек Борис Джонсонның пандемия шектеулері кезінде сауық кеш ұйымдастырғанынан шыққан жанжалынан кейін үкіметтің пандемияға қарсы әрекетін сынай бастады. 2022 жылғы мамырда Стармер өткен жылғы Хартлпулдағы қосымша және жергілікті сайлаулар қарсаңында үгіт-насихат жүргізу кезінде COVID-19 ережелерін бұзғаны үшін белгіленген айыппұл туралы хабарлама алса, отставка жариялайтынын айтты. 2021 жылғы 30 сәуірде Стармер мен орынбасары Анджела Рэйнер қатысқан іс-шараның COVID-19 ережелеріне бағынбады деген айып тағылды. Бұл жанжал (Beergate) деп аталып кетті, алайда жергілікті полиция айыптың жалған екенін баяндады.
Премьерлігі (2024–2026)
Отставкасы Найджел Фараждың Реформа партиясы арқылы билікке келгенін бергісі келмеген лейбористер, соның ішінде Стармердің министрлері, Стармердің отставкасын жария түрде де, жабық түрде де қалады.
Таяу Шығыстағы соғыстар, Интернетке қатысы бар даулар мен басқа да себептерден қоғам сауалнамасында өте төмен баға алған Стармердің ең үлкен дауы — Джеффри Эпштейнге жақын болған Питер Мандельсонды АҚШ-қа елші болып тағайындағаны еді. Осы және басқа себептерден Стармердің министрлері өкілеттіктерін өз еркімен аяқтап кетті.
Біразға созылған қысымға шыдай алмаған Стармер ақыры 2026 жылғы 22 маусымда отставкасын жариялады. Жаңадан Парламентке сайланған Үлкен Манчестердің мэрі Эндрю Бернемдің оның ізбасары болатыны ең ықтимал делінеді. Ұлыбританияның осылайша 10 жыл мерзімде ғана 7 түрлі премьер-министрі болмақ.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Ұлыбритания саясаткерлері Санат:Ұлыбритания заңгерлері Санат:Лидс университеті түлектері Санат:Оксфорд университеті түлектері Санат:Қауымдар палатасындағы оппозиция басшылары (Ұлыбритания) Санат:Лейбористік партияның (Ұлыбритания) мүшелері Санат:Ұлыбритания премьер-министрлері Санат:Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2015—2017) Санат:Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2017—2019) Санат:Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2019—2024) Санат:Ұлыбритания парламентінің мүшелері (2024—) Санат:Эссекс университеті құрметті докторлары Санат:Рединг университеті құрметті докторлары Санат:Лидс университеті құрметті докторлары Санат:Шығыс Лондон университеті құрметті докторлары Санат:Оппозиция көшбасшылары (Ұлыбритания)