Фредерик Роберт Джеймс «Фред» Лорз (; 5 маусым 1884, Манхэттен, Нью-Йорк — 4 ақпан 1914, Бронкс, Нью-Йорк) — америкалық жеңіл атлет, марафоншы. 1904 жылғы Жазғы олимпиада ойындарына қатысты. Өмірбаяны 1904 жылғы Олимпиада ойындарына қатысып алтын жүлде жеңіп алады. Бірақ оның ережені өрескел бұзғаны әшкере болып қалды. Марафон жарысында 14,5 км. жүгіргеннен кейін менеджерінің көлігіне отырып, 17,7 км.жолды көлікпен жүріп өтеді. Қалған қашықтықты жеңіл жүгіріп өтіп мәреге бірінші болып келеді. Ұйымдастырушылар оның бұл қулығын бірден біліп қойып, нәтижені тіркеген жоқ. Екінші келген басқа америкалық Томас Хикс алтын жүлде иегері атанды. Фредерик Лорз солай жарыстан шеттетілді. Спортшы өзінің әрекетін әзіл деп түсіндірді.
1914 жылы пневмониядан қайтыс болды. Дереккөздер
Санат:алфавит бойынша жеңіл атлеттер Санат:АҚШ жеңіл атлеттері Санат:Марафоншылар