Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті — атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы.
Тарихы 1999 жылы Әдiлет министрлігі Тергеу департаментінің орнына Сот қаулыларын атқару комитеті құрылды. 2001 жылы Сот қаулыларын атқару комитеті таратылып, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне қосылды. 2010 жылы Сот әкімшілігі комитеті екіге бөлініп, Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті құрылды. 2014 жылы комитет таратылды. 2024 жылы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитетi қайта құрылды.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Міндеттері реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындаудың мемлекеттік саясаты саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу; жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу арқылы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік реттеу саясатын қалыптастыру және іске асыру"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережелерін бекіту туралы
Дереккөздер
М