BYD Company Limited не BYD (, «Өз армандарыңызды құрыңыз») — қытайлық конгломерат, штаб-пәтері Шэньчжэньде орналасқан. Әлемдік нарықта электромобильдер, аккумуляторлар және жаңартылатын энергия көздерін өндіреді.

Бірнеше мемлекеттік кәсіпорындарды санамағанда, 2022 жылдан бергі Қытайдағы ең ірі жұмыс күші бар жеке компания болып табылады. 2024 жылғы жағдай бойынша BYD-де 704 мың адам жұмыс істейді, оның 102 мыңы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметкерлер. Сондай-ақ 2003-2023 жылдар аралығында 13000-нан астам патенттік өтінімдер бойынша көш бастап тұр.

BYD акциялары Гонконг қор биржасы мен Шэньчжэнь қор биржасында акциялардың екі түрі бойынша (сәйкесінше H және A) листингі бар. 2023 жылы компания Fortune Global 500 рейтингінде 212-ші орынға ие болды.

Дереккөздер

Санат:Шэньчжэнь қор биржасында листинг акциясы бар компаниялар Санат:Гонконг қор биржасында листинг акциясы бар компаниялар Санат:Қытай компаниялары Санат:Электромобиль өндірушілері Санат:Электробус өндірушілері