Отаркүл Оразбайқызы Мұқатова (22 сәуір 1952, Торғай облысы Жангелдин ауданы - 13 қараша 2023, Қостанай) - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күміс көмей әнші, республикалық эстрада-цирк студиясын бітіргеннен кейін "Шертер" фольклорлық ансамблінің әншісі (1974-1994), "Шертер" фольклорлық ансамблінің директоры (1994-1997), Шәмші Қалдаяқовтың "Арқалықтың ақ таңы" (сөзі: М.Шаханов) әнінің алғашқы орындаушысы (1972). "Шертер" фольклорлық ансамблінің құрамында дүниежүзін аралап, гастрольдік сапарларда болды. Үндістан, Иран, Польша, Блогария, Въетнам, Корея, Филиппин, Жапония, Чехия, Монголия және т.б. он екі мемлекетте өнер көрсетіп, қазақ халқының мәдениетін насихаттауға зор үлес қосты. Мәскеуде өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік XII фестивалінің жүлдегері (1983). 2001-2013 жылдары Арқалық жас көрермен облыстық қазақ театрының директоры қызметін атқарды. Дереккөздер Отаркүл Оразбайқызы Арқалықтың өнер ордасы Отаркүл Мұқатова