Толымбеков Манат Жақсыбергенұлы (1957 жылы туған) – техника ғылымының докторы (2003). Қысқаша өмірбаяны: 1981 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары техникум оқу орнын бітірген. 1981–1984 жылдары «Черметавтоматика» Акционерлік қоғамында инжинер. 1984–1988 жылдары Донецк политехника институтында аспирант. 1988–2001 жылдары Украина, Химия-металлургия институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, лаборатория, бөлім меңгерушісі болған. 2001 жылдан институт директоры қызметін атқарады. Еңбектері: «Фазовые равновесия в высокоосновных шлаковых системах и разработка рациональных технологических процессов металлургической переработки маргенцового сырья Казахстана» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2001).Қазақстан ұлттық энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер: