Жанат Қалдыбекұлы Элиманов (16 тамыз 1978 жыл, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, заңгер, 2024 жылдан бері қызметтегі Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.

Білімі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолы 2000 – 2009 жылдары - прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды;

2009 – 2012 жылдары - Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2012 – 2014 жылдары - Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2014 – 2017 жылдары - Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жедел-іздестіру қызметі департаментінің директоры;

2017 – 2019 жылдары - прокуратура органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;

2019 – 2020 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары;

2020 – 2021 жылдары - Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы;

2021 – 2024 жылдары - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;

2024 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.

2024 жылғы 16 қыркүйектен бастап - Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.

Марапаттары және атақтары «Ерлігі үшін» медалімен және «Құрмет» орденімен наградталған.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 3-санаттағы жоғары біліктілік сыныбы берілді.

2024 жылы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры болып танылды.Элиманов Жанат Қалдыбекұлы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері