Қаражыланды – Ұлытау және Арғанаты тауларының аралығындағы оқшауланған шоқылы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Сарлық ауылының солтүстік-шығысында 18 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 586 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км шамасында. Беткейлері тіктеу, пішіні дөңгелек тәрізді келген. Солтүстігінде Құлан, шығысында Борлы, оңтүстігінде Қаратал, батысында Қазыбек қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында қылқан селеу, бетеге, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. Етегінен өзімен аттас өзен бастау алады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары