Ақан Оңғарұлы (1979 жыл, Баян Өлгей, Моңғолия) – қазақстандық тарихшы, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры (2021 жылдан бастап).
Білімі 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетін тәмамдады.
2001 жылы аталған университеттің тарих факультетінде «Археология және этнология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.
2010 жылы А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында «07.00.06 – Археология» мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2021 жылғы 27 сәуірде қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алды.
Қызметі 1999 – 2014 жылдары А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында қызмет атқарып, қызметкерден бастап Астана қаласындағы Филиалдың жетекшісіне дейін қызметте болды.
2014 – 2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтын басқарды.
2021 жылғы 19 тамызда Ғылыми комитетінің Конкурс комиссиясының шешімімен А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры болып тағайындалды.
Экспедициялары Әр жылдары археологиялық экспедициялар мен отрядтарға жетекшілік етті. Зерттеу аумақтары:
Қызылорда облысы (барлау жұмыстары), Ақтөбе облысы (VI–V ғғ. б.з.д. Тортоба жерлеу-жоралғылық кешені; б.з.д. IV–II ғғ. Солтүстік Үстірттегі сарматтық ғибадатханалар – Қызылүйік, Тастастау 2–4, Қайнар), Қарағанды облысы (барлау), Қостанай облысы (б.з.д. VI–V ғғ. сақ қорғандары – Саба), Алматы облысы (б.з.д. V ғ. сақ қорғандары – Шалкоде; б.з.д. VI–V ғғ. ерте сақ жерлеу-жоралғылық кешені – Қарқара), Шығыс Қазақстан облысы (б.з.д. IV–III ғғ. мәңгі тоң сақталған Берел қорғандары; Майемердің ерте сақ қорғандары; б.з.д. VII ғ. Елеке сазы сақ қорғандары), Маңғыстау облысы (сарматтық Ақпан ғибадатханасы, ортағасырлық Белдеулі керуен сарайы), Атырау облысы (XIII–XVI ғғ. Сарайшық қалашығы; б.з.д. III–II ғғ. сарматтық Аралтөбе қорғаны).
1997 жылы А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Зейнолла Самашев басшылығымен жүргізілген Майемер жазығындағы халықаралық экспедицияға қатысуынан басталды. Студенттік жылдары Берел ескерткішіндегі қазба жұмыстарына қатысып, онда табылған артефактілер қазақ Алтайының ежелгі халқының материалдық және рухани мәдениетін зерттеуге ықпал етті. Бұл тәжірибе оның ғылыми қағидаттарын қалыптастыруға әсер етіп, кандидаттық диссертациясын табысты қорғауға негіз болды.
2005–2007 жылдары «Актобе CNPC», «Мұнайгазқұрылыс», «КаспийМұнайгаз», «Қазақмыс», «АджипККО» және басқа да өндірістік компаниялардың нысандарында археологиялық зерттеу, сараптама, қадағалау жұмыстарын басқарды.
2007 және 2009 жылдары Моңғолияның Архангай аймағында өткен Қазақ–моңғол тарихи-мәдени экспедициясына қатысты, ал 2015–2016 жж. Булган аймағында жүргізілген жұмыстарға қатысты.
Еңбектері
Мақалалар
Некрасов А.Е., Косинцев П.А., Самашев З., Онгар А., Лошакова Т.Н., Большаков В.Н. Новые данные о фауне птиц плато Устюрт в голоцене // Доклады Академии наук РФ, 2016. – Т. 469. – № 1. – С. 122–124. Косинцев П.А., Бачура О.П., Гасилин В.В., Гимранов Д.О., Самашев З., Лошакова Т.Н., Онгарулы А., Бисембаев А.А., академик РАН Большаков В.Н. Новые данные о фауне млекопитающих плато Устюрт в голоцене // Доклады Российской академии наук. Науки о жизни, 2020, том 492. – С. 1–4. Самашев З., Онгар А., Киясбек Г., Жетписбай Н., Оралбай Е. Кызылуйик – памятник культовой архитектуры Западного Казахстана // Вестник Восточного института экономики гуманитарных наук управления и права. – № 31/32. история. – Уфа. 2007. – С. 188–192. Самашев З., Онгар А. Культовый объект древних скотоводов на Северном Устюрте // VIII конгресс этнографов и антропологов России. – Тезисы докладов. – Оренбург. 1–5 июля 2009 г. Издательский центр ОГАУ. – Оренбург, 2009. – C. 107. Қазақ Алтайындағы Берел қорғандары құрылымының кейбір ерекшеліктері // Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының Хабаршысы. – № 1 (7). – Алматы, 2001. – 101–106-бб. Оңғар А. Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің жерлеу ғұрпы туралы жаңа мәліметтер // ҚР ҰҒА Хабарлары. – Қоғамдық ғылымдар сериясы. – № 1 (239). – 2003. – 45–54-бб. Оңғар А. Қазақстан археологиясындағы ерте темір дәуірі жерлеу ғұрпының зерттелінуі (Шығыс Қазақстандағы зерттелінген обалар бойынша) // Отан тарихы. – № 2. – 2005. – 111–121-бб. Оңғар А. Қазақ даласындағы ерте көшпелілердің элиталық обаларын топтау мен жіктеу мәселелеріне // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. – № 1. – 2008. – 110–118-бб. Оңғар А. Қазақ Алтайындағы көне түріктердің дүниетанымын зерттеу мәселесіне // ҚР ҰҒА Хабарлары. – Қоғамдық ғылымдар сериясы. – № 1. – 2009. – 219–226-бб.
Монографиялар
Оңғар А., Ольховский В.С., Астафьев А., Дарменов Д. Древние святилища Устюрта и Восточного Приаралья. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2017. – 320 с. Оңғар А. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының жерлеу ғұрпы. – Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2017. – 252 б. 카자흐스탄 제티수지역의 고분문화 (Ancient tombs in Zhetisu Kazakhstan). – Daejeon: National Research Institute of Cultural Heritage, National Museum of the Republic of Kazakhstan, 2019. – p. 400. – korean Онгарулы А., Пен Енхван, Нам Санвон, Каирмагамбетов А., Ким Енхен, Нускабай А. Катартобе. Некрополь сакской элиты Жетысу. – Daejeon: National Research Institute of Cultural Heritage, National Museum of the Republic of Kazakhstan, 2020. – 437 с. Далалық Еуразия төсіндегі Сарыарқа мұрасы. Ұжымдық монография. «Қазына». 6-шығарылым. – Наследие Сарыарки в центре степной Евразии. Коллективная монография. «Казына». Выпуск 6. Под ред. А. Онгарулы. – Нұр-Сұлтан: ҚР Ұлттық музейі, 2019. – 352 б.
Дереккөздер
Санат:Тарихшылар Санат:Археологтар Санат:Ғылым кандидаттары Санат:Моңғолияда туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері