Тегусигальпа ( ) — Солтүстік Америкадағы қала, Гондурас мемлекетінің 1880 жылдан бергі астанасы және ең ірі қаласы. Гондурас аңғарында орналасқан, теңіз деңгейінен шамамен 975 метр биіктікте. Чолутека өзені қаланың ортасымен ағады. Қала таулармен қоршалған, осыған байланысты оны “Тау қаласы” деп те атайды. Шамамен 1 миллионнан астам тұрғыны бар.

Тегусигальпа 1579 жылы құрылған, қала құрылғанға дейін жергілікті үндістер тайпасы мекендеген. Гондурастағы ең ірі сауда, қаржы және өнеркәсіп орталығы. Тегусигальпада туристерге арналған көптеген тартымды орындар бар. Мысалы, Museo Nacional de Antropología e Historia, Catedral de San Miguel Arcángel, Parque Nacional La Tigra. Бауырлас қалалар 20px Мадрид, Испания 20px Лима, Перу 20px Тайбэй, Тайвань 20px Богота, Колумбия Белу-Оризонти (), Бразилия 20px Нью-Орлеан, АҚШ 20px Гвадалахара, Мексика 20px Гватемала, Гватемала 20px Канзас-Сити, АҚШ Атақты тұрғындары Мануэль де Адалид-и-Гамеро ― композитор, дирижёр, педагог. Мигель Эусебио Бустаманте – Гондурас президенті (1827). Дереккөздер

Сілтемелер http://stolicy.clow.ru/page/2220.htm

Санат:Солтүстік Америка елордалары Санат:Гондурас