Марат Сәмиұлы Меңдібаев (24 қыркүйек 1936, Қарағанды, Қарағанды облысы, Қазақ АКСР, РКФСР — 2009) — Кеңестік қазақстандық шаруашылық, мемлекет және партия жетекшісі.

Өмірбаяны 1936 жылы 24 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген.

1955 жылы Қазақ КСР Қарағанды тау-кен техникумын бітірген.

1955-1956 жылдары Қазақ КСР Киров көмір тресінің шахтасында электромонтер болып жұмыс істеді.

1958 жылдан бастап КОКП мүшесі.

1956-1969 жылдары — №38 шахта байыту фабрикасының цех басшысы, бас энергетигі, Қазақ КСР «Қарағандыуглебогание» тресін байыту фабрикасының бас инженерінің орынбасары, бас инженері болды.

1963 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженер-электригі мамандығы бойынша бітірген.

1969-1970 жылдары — Қазақ КСР Қарағанды металлургия комбинатының Сабырхан орталық байыту фабрикасының директоры болды.

1970-1976 жылдары — Қарағанды облысы, Қазақстан КП Саран қалалық комитетінің 2-хатшысы, 1-хатшысы болды.

1975 жылы КОКП ОК қарамағындағы жоғары партия мектебін сырттай бітірді.

1976-1979 жылдары — Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП Қарағанды облыстық комитетінің көмір өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі болды.

1979-1980 жылдары — Қазақстан Компартиясы Қарағанды қалалық комитетінің 2-хатшысы болды.

1980-1982 жылдары — Қазақстан КП орталық комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

1982-1985 жылдары — Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің хатшысы болды.

1985 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін — халық депутаттары Кеңесінің Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағасы болды.

1985 жылдың қыркүйегінен 1988 жылдың қарашасына дейін — Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің 1-хатшысы болды.

1988 жылдың 1 қарашасынан 1989 жылдың 12 қыркүйегіне дейін — Қазақстан КП орталық комитетінің 2-хатшысы — Қазақстан КП орталық комитетінің ұйымдастыру, партия және кадр жұмысы жөніндегі комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылым депутаты, КСРО халық депутаты болып сайланды.

1989 жылдың тамызынан 1990 жылдың сәуіріне дейін — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып істеді.

1990 жылы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Аппаратының көмір өнеркәсібі және энергетика секторының меңгерушісі болды.

1991-1993 жылдары — «Қазақстанкөмір» корпорациясының бас маманы. 1993-1994 жылдары — «Collar State» мемлекеттік холдингі президентінің кеңесшісі, вице-президенті болды.

1994-1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Кадр басқармасының басшысы болды.

1997 жылдың желтоқсанында зейнеткерлікке шықты.

2009 жылы сәуірде қайтыс болды.

Отбасы Әйелі — Гордиенко Галина Семеновна. Қыздары — Лариса менен Инна.

Сілтеме Ашимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Дереккөздер

Санат:Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП ОК екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXVII съезінің делегаттары