«Варкерт стадионы» — Мажарстанның Кишварда қаласындағы футбол стадионы, "Кишварда" клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. УЕФА бұл стадионға 3 жұлдыздық рейтинг берген. Варкерт стадионы 2018 жылы ашылған, сыйымдылығы 2 850 орын.

Тарихы Варкерт стадионың салу 2014 жылы 120 миллион форинтқа жоспарланған болатын, алайда сатылап өсе келе салық төлеушілерге әлдеқайда қымбатқа түсті. Экономикалық маңызды инвестиция ретінде саналып, 2014 жылы тағы 800 миллион форинт бөлінді, кейін ол 1,5 миллиардқа, артынша 2 миллиардқа жетті. Соңында жақын маңдағы термалды су кешенінен жылу құбырын орнатуға қосымша 473 миллион форинт жұмсалды, нәтижесінде жалпы инвестиция 2,5 миллиард форинтқа жетті — әрбір орынға шамамен 1 миллион форинт.

Варкерт стадионы, 2018 жылы 11 тамызда ашылды. Алғашқы матч «Ференцварошқа» қарсы өтті. Ойын 2–0 есебімен «Ференцвароштың» жеңісімен аяқталды.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Стадиондар Санат:Мажарстан стадиондары