Жуанарық () — Қырғызстанның Нарын облысы Қошқар ауданындағы өзен. Қошқар ауылының тұсында Қошқар өзенімен қосылып, Шуды құрайды.

Қарақұжыр мен Төлек өзендерінің қосылуы нәтижесінде пайда болады. Бастауынан Теріскей Алатауының батыс бөктерінде — солтүстік-батысқа, орта ағысында — солтүстікке, сағасына жақынырақ — солтүстік-шығыс бағытта ағады.

Өзеннің ұзындығы — 34,8 км, су алабының ауданы — 1340 км², су шығыны — секундына 11,4 м³.

Өзен суы суаруға пайдаланылады, осында оннан астам суару арналары бар. Өзен жағасында Көкжар ауылы бар.

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан өзендері Санат:Шу су алабы