Қасиетті Успен кафедралды шіркеуі – Астана қаласындағы діни мекеме, діни зиярат орны.
Кезеңі 2005-2009 жылдар, сәулетшісі В. Г. Сергеев.
Сипаты Ғибадатхананың іргетасын қалауда Астаналық және Алматылық Мефодий митрополиті бата берді. Ғибадатханада төрт тақта бар: жоғарғы шіркеудің орталық тағы Әулие Құдай Анаға арналған; оңтүстік жағында - Құдайдың періштесі Михаилге және басқа да көк күштеріне; солтүстік жағында - қасиетті апостолдар Кирилл мен Мефодийге, славян ағартушыларына; төменгі шіркеудің Қазақстанның азап шегушілері мен тәубе етушілер шіркеуінің құрметіне арналды.
Шіркеудің іші 2000 шаршы м-ден асады және оның биіктігі 68 м-ге жетеді. Сыйымдылығы шамамен 4000 адам. Терезенің үлкен жақтаулары арқасында ғибадатхананың іші жарыққа толы. Төбесі көгілдір түске боялған темір шатырмен жабылған. Ғибадатханада бес алтын күмбез бар. Успен шіркеуі Орталық Азиядағы ең ірі шіркеу болып табылады. Ішкі интерьері ресейлік Палех суретшілерімен салынған.
Шіркеуде көптеген қасиетті және құнды иконалар сақтаулы: Киелі апостол Андрей Прозванныйдың бөліктері, Киево-Печорск лаврасының қасиетті әулиелерінің бөліктері, әулие Александр Свирскийдің бөліктері бар иконасы, қасиетті Мария Египетскаяның иконасы, Қазан Құдай Анасының иконасы.Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
Дереккөздер
Санат:Астана қаласы сәулеті Санат:Шіркеулер