Пресное — Павлодар облысы Павлодар ауданы, Чернорец ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін таратылған "Преснов ауылдық округі" орталығы болған.

Географиялық орны Аудан және облыс орталығы – Павлодар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 61 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1381820 637 77,7 399 320 80,2 421 317 75,3

Тарихы Іргесі 1745 жылы күшейтілген Ертіс әскери бекінісі ретінде қаланған. 1838 жылы Сібір казак әскерінің желісі, 1873 жылы Семей губерниясы Павлодар уезінің Песчаная болысының Пресное ауылы деп аталды. 1932-62 жылдары астық өсіретін ұжымшардың, 1962 жылы кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде 1996 жылдан Пресноеде ЖШС жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Павлодар ауданы елді мекендері