Сочидегі су тасқыны — 2024 жылы 18 желтоқсанда Сочиде тәулік бойы тоқтаусыз жауған қатты нөсер салдарынан Херота өзені арнасынан асып, федералды жолды, үйлер мен көшелерді су басты.
Оқиғалар 18 желтоқсан: Түнде жауынның әсерінен өзендегі су деңгейі қауіпті межеге жетіп, 11,62 метрге дейін көтерілді. 70 минут ішінде су 74 сантиметрге көтерілген. Су Дачная мен Петрозаводская көшелеріндегі аула аумақтарын және Мацеста ауданын су астында қалдырды. Кейбір аудандарда электр жарығы сөндірілді, құлаған ағаштар көлік қозғалысын қиындатуда. Көшелер бірнеше минут ішінде су астында қалды. Жолдар лай ағындарына айналды, ал жаңбыр суы арықтардан шығып, фонтанға айналды. Дәл сол сәтте көлік кептелістері пайда бола бастады. Федералды тас жолдың кей бөлігін су басты, бірақ қазір қозғалыс қалпына келтірілді. Сириус ауданында үлкен толқындар жағалауды су басып, оны тұтас су қоймасына айналдырды. Жергілікті тұрғындар су басқан автотұрақтар туралы да айтқан. Синоптиктер болжамына сәйкес, шығыс Дагомыс өзені жағасынан асуы мүмкін екенін ескерткен.
Салдары 13 лай көшкіні болды. Бір ауылда бес үй жер астына түсіп кетті. Сонымен қатар, жол бұзылып, бірнеше ауыл сыртқы әлемнен оқшауланды. Біраз уақытқа пойыз қозғалысы шектелуге мәжбүр болды. Ленин көшесінде, Адлер ауданындағы негізгі магистральдардың бірі, құлаған ағаш жол қозғалысына кедергі келтірді. Кудепстеде су ағыстары тұрақта тұрған автомобильдерді шайып кетті. Сондай-ақ, Джубга — Сочи тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды.
Аэропорт жұмысына да ауа райы кедергі келтірді. Сегіз ұшақ қосымша аэродромдарға шұғыл түрде бағытталды. Краснодар, Анапа және Геленджиктағы әуежайлар уақытша жұмысын тоқтатты.
Дереккөздер
Санат:Ресейдегі су тасқындары Санат:2024 жылдағы Ресей Санат:2024 жылғы апаттар