Уче Окечукву (; 27 қыркүйек 1967, Лагос) — нигериялық футболшы, жартылай қорғаушы. "Фенербахче" мен Нигерия ұлттық құрамасындағы ойынымен танымал.
Карьерасы 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы. 1994 және 1998 жылдардағы әлем чемпионатына қатысты.
1992 жылы Окечукву Африка ұлттар кубогына қатысты. Бұл жолы қола жүлдеге ие болды, оның командасы үшінші орын үшін ойында Камерун құрамасын ұтты.
1994 жылы Уче үшінші рет Африка ұлттар кубогына қатысып чемпион атанды. Сол жылы ұлттық құрама сапында АҚШ-та өткен әлем чемпионатына қатысты. Турнирде Уче негізгі құрам ойыншысы болды, Болгария, Аргентина, Грекия және Италия құрамаларына қарсы ойындарда алаңға шықты. Құрама 1/8 финалға шықты, онда «Супер қырандар» қосымша уақытта Италиядан жеңіліп қалды
Жетістіктері
Командалық «Флэш Фламинос» Нигерия чемпионы — 1987/1988
«Хартленд» Нигерия чемпионы — 1988/1989
«Брондбю» Дания чемпионы — 1990 Дания чемпионы — 1991
«Фенербахче» Түркия чемпионы — 1995/96 Түркия чемпионы — 2000/01
Халықаралық Нигерия Олимпиада чемпионы — 1996 Африка чемпионы — 1994
Сілтемелер
Санат:нигерия футболшылары Санат:Нигерия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Брондбю ФК ойыншылары Санат:Хартленд ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:1996 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Нигерия Олимпиада чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Футболдан Африка чемпиондары