Гүлбахрам Байбосынова (27 шілде 1987 жыл, Жезқазғанhttps://www.kino-teatr.ru/kino/acter/w/post/412452/bio/) — қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші.

Байбосынова Гүлбахрам Ахатқызы 1987 жылы шілденің 27 жұлдызында Жезқазған қаласында дүние есігін ашқан. Актриса – егіздің сыңары. Өмір есігін қатар ашқан егізінің есімі – Гүлбарам. Көпбалалы отбасында өскен Гүлбахрамның жанұясында 7 бала.  Өнерлі, шығармашыл отбасында өмірге келген әртіс бала күнінен өнерге жақын өскен. Ол Жезқазғандағы №13 қазақ-орыс мектебінде білім алған.https://forum.stan.kz/2553/gulbahram-baybosinova-omirbayanin-bilesizder-me

Мансабы Мектеп ұясынан түлеп ұшқаннан кейін Алматы қаласына келіп, Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясына түсіп, «Театр және кино» мамандығы бойынша оқыған. Университеттегі білімін тәмамдағаннан кейін, 2009 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына жұмысқа қабылданып, түрлі қойылымдағы рөлдерді шебер сомдап келеді.

Сахнадағы рөлдері Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Марфуға, Жәмила; С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Мухайе, Нигора; С.Сматаевтың «Көгілдір таксиінде» – Мариям; Т.Теменов «Шығыс сазы» – Патшайым;  «Махаббат сазы» – Қыз; М.Хасенов «Жұбайлар-ай, жұбайлар!» – Элиза; Н.Ораздың «Адасқан жұлдызында» – Актриса; «Таудағы түн» – Мәдина; Ш.Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбетінде» – Ана; М.Әуезовтің «Ай Қарагөзінде» – Қарагөз; В.Ежовтың «Бұлбұлдар түнінде» – Нина; Э.Хушвақтовтың «Сүйе білсеңінде» – Рушана және т.б. рөлдерін сомдаған.https://musrepov.kz/g-lbahram-bajbosynova/ Киелі сахнаның қасиетін ұғынып, «өмірім - өнерім» дейтін актриса. Театрдағы жұмысынан бөлек, акриса бірнеше отандық фильмдер мен телехикаялардан бой көрсеткен. Көрермендер көңіліне жылу ұялатып, жүректеріне жол тауып, актрисаға танымалдық алып келген 100 сериялы «Қарашаңырақ» телехикаясындағы Алтынай рөлі. Инабатты, жарына адал, тіреу де сүйеу де болып, түсіне білетін, ата-ананы қадірлейтін қазақ келінінің бейнесі Гүлбахрамның "Алтынай" ретінде, әдеп сақтаған келін ретінде ел жүрегінде сақталуына, сүйсінуіне сеп болды.

Фильмдер тізімі Жыл Фильм, телехикая атауы Сомдаған рөлі 2010Жасұлан (телехикая)Әскери лейтенант қыз https://www.kinopoisk.ru/name/3713252/2012ШалҚасымның анасы2013Бауыржан Момышұлы (фильм)2014А.Сатаевтың «Қара шаңырақ» телехикаясыАлтынай2014Тропинка к облакам2015АйжанАйжан2015ТаңдауАйгуль2016Тараз2016Мезет, или Просто жизнь2016Золушка Зауре (телехикая)Администратор2017Девушка и море2017Тергеушілер2017Текетірес (қысқа телехикая)2018Шестой пост (фильм)2019Гаухарауыл мұғалімі (директор Аяна)2024НұрикамалХанбибі Есенқарақызы

Жеке өмірі Бүгінде актриса тұрмыста. Гульбахрам Байбосынова 2022 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері Қазбек Төленмен отбасын құрды.https://www.caravan.kz/news/kazakhstanskaya-aktrisa-vyshla-zamuzh-za-parnya-na-10-let-molozhe-sebya-888913/

Дереккөздер

Санат:Қазақстан театр актрисалары Санат:Қазақстан актрисалары