нобай|Гипократтық әлпет. Іш сүзегімен ауырып жатқан науқас Гиппократтық әлпет (; facies латын тілінен аударғанда – бет) – әртүрлі аурулардың белгісі және өлім алдында жатқан адамға тән әлпет. Айқын белгілері: шүңірейген көз, мұрынның қырлануы, көкшіл, бозарған және жүдеп кеткен бет.

Әдетте іш қуысы мүшелерінің ауыр ауруларының белгісі (перитонит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының перфорациясы және т. б.), сондай-ақ әлсіреу, созылмалы ұйқысыздықтың белгісі.

Бұл ұғымды алғаш рет Гиппократ өзінің "Prognostikon" (Προγνωστικόν) еңбегінде сипаттаған.

Ауру Тырысқақ ауруы; Перитонит; Перфоративті ойық жара; Ішек өтімсіздігі; Ұйқысыздық; Агония.

Дереккөздер

Санат:Өлім Санат:Медициналық белгілер