Скотт Кеннет Гомер Бессант (; тамыз 1962 жыл, Конуэй, Оңтүстік Каролина) — америкалық инвестор және хедж-фондшы, 2025 жылғы қаңтардан бергі АҚШ Қаржы министрі. Джордж Сорос негіздеген Soros Fund Management серіктесі болған ол — Key Square Group атты жаһандық макро инвесторлық фирманың негіздеушісі.

Дональд Трамптың 2024 АҚШ президент сайлауындағы кампаниясының ірі доноры, экономикалық кеңесшісі мен фандрайзері болған Бессантты Трамп кейін 2024 жылғы қарашада АҚШ Қаржы министрі лауазымына ұсынды. 2025 жылғы 27 қаңтарда оны АҚШ Сенаты 68–29 дауыс қатынасымен бұл лауазымға қабылдады да, өкілеттігін ол 28 қаңтарда бастады.

Өкілеттігін бастаған сәтте Бессант гей екенін ашық айтқан АҚШ Кабинеті тарихындағы екінші адам (Пит Буттиджичтен кейінгі) және АҚШ тарихындағы ең жоғарғы лауазымды ЛГБТ+ өкілі болды.

Ерте жылдары және білімі Скотт Бессант Конуэй, Оңтүстік Каролинада дүниеге келген. Әкесі — кіші Гомер Гастон Бессант, анасы — Барбара Маклеод. 1984 жылы ол Йель универистетіндегі оқуын бітірді.

Кәсіпкерлік мансабы 1991 жылы Бессант Джордж Соростың Soros Fund Management (SFM) мүшесі болды да, 1990 жылдары оның серіктесі еді. 2000 жылғы отставкасынан кейін Бессант 1 миллиард долларлық хедж-фонд құрды. 2005 жылы хедж-фонд жабылды.

2011 жылы Бессант SFM-ге Инвестициялар жөніндегі бас директор ретінде қайта келді. Ол бұл лауазымда 2015 жылға дейін бола тұрды да, кейін өзінің Key Square Group атты фирмасын ашпақ болды.

2006 жылдан 2011 жылға дейін Бессант Йель университетінде экономика тарихын оқытты. Ол, оған қоса, филантроп, балалар ауруханалары мен Оңтүстік Каролинадағы тарихи ғимараттарға жәрдем береді.

Бессант 2015 жылы Key Square Group негізін қалады.

Саяси фандрайзинг 2000 жылы Бессант АҚШ вице-президенті демократ Аль Гордың 2000 жылғы президенттік кампаниясы үшін Ист-Хемптон, Нью-Йорктегі үйінде фандрайзинг жасады. 2016 жылы Бессант республикашыл Дональд Трамптың 2017 жылғы инаугурациясына 1 миллион доллар бөлді.

2024 жылы Бессант Дональд Трамптың сол жылғы кампаниясы үшін бірнеше файндрайзер өткізді." 2024 жылғы шілдеде Бессант Трамптың экономикалық кеңесшісі болды.

АҚШ Қаржы министрі Ұсынылуы 2024 АҚШ президент сайлауындағы жеңісінен кейін Трамп 22 қарашада Бессантты АҚШ Қаржы министрі лауазымына ұсынды.

2025 жылғы 16 қаңтарда Бессант АҚШ Сенаты алдында алған шықты. Тыңдаулар кезінде Бессант Трамптың кедендік салық жайлы ұсыныстарын қолдады, Ресей мен Қытайға қарсы экономикалық қысымды көбейтуді жақтады. Сенаттың Қаржы комитеті 21 қаңтарда Бессанттың кандидатурасына дауыс берді де, 16–11 дауыс қатынасын алған Бессант лауазымға қабылданды. Өкілеттігін Бессант 28 қаңтарда бастады.

Өз өмірі Бессант Чарлстон, Оңтүстік Каролинада тұрады. Бессант пен заңгер күйеуі Джон Фриманның 2 баласы бар.

Дереккөздер

Санат:АҚШ кәсіпкерлері Санат:Йель университеті түлектері Санат:АҚШ қаржы министрлері Санат:Дональд Трамптың екінші кабинеті