Филадельфиядағы Learjet апаты — 2025 жылғы 31 қаңтарда Медициналық эвакуациялау қызметін көрсететін Med Jets авиакомпаниясының ұшағы Филадельфияның солтүстік-шығысында жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30 шамасында, әуеге көтерілгеннен кейін қысқа уақыт ішінде апатқа ұшырады.
Learjet 55 Филадельфиядан ұшып шығып, алдымен Спрингфилдке (Миссури), кейін Мексиканың Тихуана қаласына бет алған. Бірақ әуеге көтерілген соң 30 секундтан кейін онымен байланыс үзіліп, ұшақ тұрғын үйлердің маңындағы автотұраққа құлаған. Соқтығыс кезінде қатты жарылыс болып, бірнеше үйге от тиген. Екі сағаттан кейін өрт сөндірілді.
Алғышарттар Ауа райы жағдайлары
Ұлттық метеорологиялық қызметтің деректері бойынша, апат кезінде Филадельфияда аздаған жаңбыр, бұлттылық және тұман байқалды. Желдің жылдамдығы 30 миль/сағ (50 км/сағ) дейін жеткен. Көріну қашықтығы 6 миль (10 км) деп бағаланды.
Әуе кемесі Апатқа Jet Rescue Air Ambulance компаниясына тиесілі Learjet 55 ұшағы ұшырады. Әуе кемесінің тіркеу нөмірі XA-UCI, ол 1982 жылы өндірілген. АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасының (ФAA) мәліметі бойынша, ұшақ Солтүстік-Шығыс Филадельфия әуежайының 24-қону жолағынан 2025 жылғы 31 қаңтарда 18:06-да әуеге көтерілген. Ол Спрингфилд-Брэнсон ұлттық әуежайына, Миссури штатының Спрингфилд қаласына бағыт алған.
Экипаж және жолаушылар ФAA мен АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффидің мәліметі бойынша, Learjet 55 ұшағында алты адам болған. Компанияның мәліметі бойынша, пациентті Филадельфиядағы Shriners балалар ауруханасында емделіп болған соң, оны Мексикаға қайта апару үшін ұшаққа отырғызған. Ол ауруханада соңғы төрт айын өткізді, ал келесі күні ауруханадан шығару алдында аурухана қызметкерлері оған қоштасу кешін ұйымдастырған. Шая Голдтың айтуынша, қыз ұзақ уақыт бойы өмірі үшін күрескен, бірақ үйіне қайтып келе жатқанда трагедия орын алды.
Реакция : Пенсильвания штатының губернаторы Джош Шапиро қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, билік апат салдарын жою және тергеу жүргізу үшін барынша көмек көрсететінін жеткізді.
Дереккөздер
Санат:2025 жылғы апаттар Санат:2025 жылдағы АҚШ Санат:АҚШ-тағы әуе апаттары