Дастан Талғатұлы Сатпаев (12 тамыз 2008 жылТransfermarkt.com, Алматы) — қазақстандық футболшы, «Челси» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы. Жалға алынған Бернли клубында өнер көрсетеді.

Дулат тайпасынан шыққан.

Мансап Клубтық Футболшы ретінде мансабын 2024 жылы «Қайрат-Жастар» клубында бастады. 2024 жылғы 7 сәуірде Қазақстанның бірінші лигасындағы дебюттік матчын «Алтай» клубына қарсы өткізді (1:0)Қайрат Жастар - Алтай

https://www.transfermarkt.com/kairat-zhas_altay-oskemen/index/spielbericht/4315463. 2024 жылғы 29 тамызда «Тараз» клубына қарсы ойында (1:0) бірінші лигадағы алғашқы голын соқтыТараз - Қайрат Жастар https://www.transfermarkt.com/fc-taraz_kairat-zhas/index/spielbericht/4442308.

2024 жылғы 26 мамырда Қазақстан Лига Кубогындағы алғашқы ойынын «Ақжайық» клубына қарсы өткізді (9:0), 80-минутта Элдер Сантананың орнына алаңға шықтыҚайрат - Ақжайық

https://www.transfermarkt.com/kairat-almaty_akzhayik-uralsk/index/spielbericht/4346796. 2025 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Суперкубогында тұңғыш ойынын өткізіп, «Ақтөбе» клубына қарсы матчта (2:0) 69-минутта Георгий Зарианың орнына шықтыҚайрат - Ақтөбе https://www.transfermarkt.com/kairat-almaty_fc-aktobe/index/spielbericht/4533386.

2025 жылдың қаңтар айында «Челси» футбол клубы футболшымен 2029 жылға дейін келісім шарт жасасты. Трансфер құны 4.3 млн еуро. Бірақ «Челси» сапына 2026 жылдан бастап қосылады.

2025 жылғы 2 наурызда Қазақстан Премьер-лигасындағы бірінші турда «Астана» клубына қарсы ойында (1:1) гол соғып, 37-минутта Элдер Сантананың орнына алаңға шықтыАстана - Қайрат https://www.transfermarkt.com/fc-astana_kairat-almaty/index/spielbericht/4554252. Сол жылы, 26 қарашада, ол Чемпиондар Лигасындағы алғашқы голын «Копенгагенге» қарсы сырт алаңдағы матчта соқты, бұл жетістікке жеткен алғашқы қазақ ойыншысы атанды

Ұлттық құрама 2023 жылғы 21 қазанда Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасында дебютант болып, Түркияның 17 жасқа дейінгі құрамасына қарсы ойнады (0:0)Түркия U17 - Қазақстан U17

https://www.transfermarkt.com/spielbericht/index/spielbericht/4161910. 2024 жылғы 18 ақпанда Ресейдің 17 жасқа дейінгі құрамасына қарсы матчта (1:3) Қазақстанның 17 жасқа дейінгі құрамасындағы алғашқы голын соқтыРесей U17 - Қазақстан U17 https://www.transfermarkt.com/spielbericht/index/spielbericht/4277027.

2025 жылғы 22 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасында тұңғыш рет Уэльс құрамасына қарсы матчта (1:3) 74-минутта Максим Самородовтың орнына шықтыУэльс - Қазақстан https://www.transfermarkt.com/spielbericht/index/spielbericht/4510807.

Жетістіктері Қазақстан суперкубогы: 2025

Дереккөздер

Сілтемелер «Челси» купил 16-летнего вундеркинда из Казахстана

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бернли ФК ойыншылары