Руслан Сәдуақасұлы Қожасбаев (10 қараша 1976, Сарқан ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Өмірбаяны 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

1996 жылы «Kid Petrol» ЖШС автожанармай құю станциясында аға оператор болып істеді.

1996-1998 жылдары «Ерлан» ЖШС коммерциялық директоры қызметін атқарды.

1998-1999 жылдары «АҚ ҚУ» мемлекеттік емес ломбарды» ЖШС директорының орынбасары болды.

1999-2004 жылдары Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы қаржы полициясының қызметкері міндетін атқарды.

2004-2005 жылдары «Ақ Орда» компаниясы» ЖШС күрделі құрылыс департаментінің директоры қызметінде жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары «АзияПромСбыт» ЖШС инвестициялық жобалар департаментінің директоры қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары «Парасат холдинг» АҚ вице-президенті болды.

2009-2010 жылдары «Парасат холдинг» АҚ тәуелсіз директоры міндетін атқарды.

2010-2012 жылдары «Энерго-Инжиниринг» ЖШС қадағалау кеңесінің төрағасы қызметінде жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары «Sadu Event» Бас менеджер қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында бас маманның міндетін атқарушы, бас маман, меңгеруші болды.

2020-2022 жылдары «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарды. Сол жылдары Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы қызметінде жұмыс істеді.

2022-2023 жылдары «Sadu-Development» компаниясының вице-президенті болып істеді.

2023 жылдың 28 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты. «Аманат» партиясы бойынша № 17 сайлау округінен ұсынылды (Жетісу облысы). Парламентта Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі болып жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің VIII шақырылымының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері