thumb|270px|Жапонияның Кофу қаласындағы мәдени орталық, 1967 жылы салынды Структурализм — XX ғасырдың орта тұсында пайда болған сәулеттегі және урбанистикадағы стиль аты.
1928–1959 жылдары өткізіліп тұрған Халықаралық заманауи сәулет конгресінің әрекеттері нәтижесінде пайда болды. Стильдің дамуына әсіресе Алдо ван Эйк, Якоб Бакема, Алвар Аалто, Кэндзо Тангэ, Херман Хертцбергер, Луис Кан сынды сәулетшілер зор үлес қосты.
Осы стильдің өкілдері көзқарастарын толықтай біріктіре алмағандықтан, әртүрлі бағыттарды ұстанған еді. Бір жағынан, нидерланд сәулетшісі Алдо ван Эйк 1959 жылы «Сандар эстетикасын» ұсынса, екінші жағынан, оның жерлесі Джон Хабракен 1961 жылы «Құрылым және толтырылуы» деген концепцияны ұсынады. Жапонияда структурализмнің жеке бір тармағы болып, метаболизм бағыты дами бастайды. Кэндзо Тангэ «Функция, құрылым және нышан, 1966» деген мақалада өз ұстанымдарын айқындап жазады.
Структурализмді насихаттауда әсіресе Арнульф Лючингердің мақалалары мен кітабы ерекше рөл атқарды. Оның жазғанынан бір үзінді: Жаңа сәулет қозғалысында тоқымалы кестеге ұқсайтын я торлары бар кез келген туындыны структурализмге жатқызу үрдісі жиі кездеседі. Бұл мәселеге үстіртін қараудан туады... Структурализмде тұтас бейне элементтерден тәуелсіз болады, ал элементтердің арасындағы өзара байланыстар сол элементтердің өздерінен маңыздырақ келеді.Arnulf Lüchinger, Structuralism in Architecture and Urban Planning, Stuttgart 1980. Мысалдары
Қала жоспарлауда
Тағы қараңыз Қазіргі заман архитектурасы Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Сәулет стильдері