Амангелді Иманақышұлы Бектемісов (16 ақпан 1945, Кировский, Киров ауданы, Талдықорған облысы — 16 ақпан 2001) — қазақстандық саясаткер, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі.

Білімі 1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы 1967 жылдан бастап Алматы электр желілері басқармасының релелік қорғаныс қызметінің шебері. 1968 жылы Отан алдындағы борышын Кеңес әскерінде өтеп келген соң, «Казэлектромонтаж» тресінің Алматы монтаждау басқармасының шебері; «Алмаатажилстрой» тресінің №37 құрылыс-монтаж басқармасының бас энергетигі, бастығы; «Казмеханомонтаж» тресінің басқарушысының орынбасары; «Казэлектромонтаж» тресінің басқарушысының орынбасары; «Казхимэлектромонтаж« тресін басқарушы. 1984 жылдан бастап Қазақ КСР Құрылыс министрінің бірінші орынбасары. 1986 жылдан бастап Қазақ КСР Құрылыс министрінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1988 жылғы шілдеден бастап Қазақ КСР Монтаждық және арнайы құрылыс жұмыстары министрінің бірінші орынбасары. 1989 жылғы тамыздан бастап Материалдық-техникалық қамсыздандыру жөніндегі Қазақ КСР мемлекеттік комитетінің төрағасы. 1991 жылы қыркүйек - қараша аралығында КСРО Халық шаруашылығын оперативті басқару комитетінің мүшесі болды. 1991 жылы қараша - желтоқсан аралығында Республикааралық экономикалық комитет төрағасының орынбасары - КСРО министрі болды.

1992 жылғы ақпаннан 1994 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі болды.

1994—2001 жылдары «Кең Дала» мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті болды.

Дереккөздер

Санат:Шығыс Қазақстан облысының әкімдері